Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 

Хабарландыру! Ата-аналар назарына!

Автор: admin от 20-03-2024, 09:56, посмотрело: 7

0 Хабарландыру! Ата-аналар назарына ! Жетісу  облысы Талдықорған қаласындағы  “М.Жұмабаев атындағы  19 орта мектеп-гимназиясы МДШО”КММ-де 2024 жылдың 1-сәуірінен 31-тамызына дейін 1 сыныпқа қабылдау жүргізілетін болады.
Мектеп Әкімшілігі!

Категория: Мектеп әкімшілігі

 

«Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді»

Автор: admin от 19-03-2024, 17:37, посмотрело: 7

0 «Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді» деген ұстаныммен бүгін, 19 наурыз- Жаңару күні аясында қасиетті, Мағжан ата мектебімізде тал егу игі іс-шаралары ұйымдастырылды.
 Атадан балаға мирас болып қалған бұл дәстүрді 11-сыныптың «Алтын белгі» мен Үздік аттестатқа үміткер оқушылары мен ата-аналары Ұлыстың ұлы күнінде кейінгі буынға өнеге көрсету мақсатында жаңа өмірге, жаңа мақсаттарға бағытталған игі жақсылықтың бастамасы екендігін  айқын көрсетті.
 Мектеп директоры Қарлығаш Келісқызы «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген мағынасы терең, алғыр сөзбен Әз Наурыздағы халықтың алты ай қыстан аман шығып, Жаңару күнінде көктемнің жаңа оянған тыныс-  тіршілігі - жақсылықтың, молшылық пен байлықтың белгісі екендігін айтып өтті.  Сән-салтанаты жарасқан осы күндер жыл бойы жалғасын тауып, мектеп бітіруші түлектердің алдағы ҰБТ-ден де жоғары көрсеткіштерге қол жеткізулеріне ізгі ниетін  білдірді. 
  Мектеп алаңына егілген жеміс ағаштары  пайдаға асып, құстар ұясын салып,өз жемістерін беріп, әрбір білім алушы көлеңкесін саялап, кәдесіне жаратса, нағыз маңызды істің жүзеге асқандығы. Тал егу игі шаралары ары қарай да жалғасын табатындығына хақ сенімдіміз.
 Әз Наурыз құтты болсын, Қазақ жұрты!
 Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Категория:

 

⚜️Ұлттық киім-ұлттың сәні⚜️

Автор: admin от 18-03-2024, 17:17, посмотрело: 9

0 Ұлттық киім-ұлттың сәні⚜️

 ⚜️ - Біртұтас тәрбие бағдарламасы: Ұлттық құндылық “Наурызнама” онкүндігі жоспары негізінде  18 наурыз – “Ұлттық киім” күні  тойланды. 

 ⚜️ - Ұлттық киімдерімізді дәріптеу мақсатында мектебіміздің барлық ұстаздары мен оқушылары үстілеріне ұлттық стильдегі әр түрлі әрлендірген барқыт камзолдар, шапандар, сырма кеудешелер, ұзын кәжекейлер, ұлттық ою-өрнекті білезіктер мен сырғалар, ұлттық  бас киімдерімізді киіп, киім үлгілерін көпшілікке насихаттады.

⚜️- Қазақтың ұлттық киімі– бұл мәдени мұраның тамаша үлгісі ғана емес, сонымен қатар ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан әдемілік пен ұлылықтың көрінісі. Ұлы халықтың дәстүрлері мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, көшпелі өмір салтының байлығы мен даналығын бейнелейді. 

⚜️- Ұлтымыздың ұлылығын айшықтайтын ұлттық киім әрқашан өз құндылығын жоғалтқан емес.

Категория: Бейнежазбалар

 
 
 
 
 

Мағжан Жұмабаев атындағы №19 мектеп-гимназиясының кітапхана меңгерушісі М. С. Аюпова мен мектеп менторы Б. У. Жақсыгелдиновтың ұйымдастыруымен 8 сынып оқушылары арасында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік сайысы өтті.

Автор: admin от 14-03-2024, 14:53, посмотрело: 6

0 Оқушылардың белсенді азаматтық көзқарасын және көшбасшылық сапаларын дамыту, интеллектуалдық мүмкіншілігін жүзеге асыру, мәдени қарым-қатынас дағдысы және сыни көзқарасты дамыту мақсатында Мағжан Жұмабаев атындағы №19 мектеп-гимназиясының кітапхана меңгерушісі  М. С. Аюпова мен мектеп менторы Б. У. Жақсыгелдиновтың ұйымдастыруымен 8 сынып оқушылары арасында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік сайысы өтті. 
Сайыста М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп – гимназиясының кітапхана меңгерушісі Аюпова Маржангуль Сайлаухановна, №25 орта мектеп менторы Сағынай Дәулет Абайұлы, №13 орта мектеп менторы Әліпбек Айдана Нүсіпбекқызы төрешілік еті. 
Командалар тартымды ойын көрсетіп, І орынды – 8 «Ә» сынып «Алаш» командасы,  ІІ орынды – 8 «Б» сынып «Білім» командасы, ІІІ орынды – 8 «Д» сынып «Домбыра» командасы алды.

[media=https://youtube.com/shorts/m6zXjOKIpRs?feature=share]

Категория: Бейнежазбалар

 
 
Назад Вперед