» » Ментор – Б.Жаксикельдиновтың ұйымдастыруымен, облыстық кардиологиялық орталықтың заңгері, 2 топтағы мүгедек – Курпатаев Бахтияр Рысбекұлы оқушылармен мотивациялық кездесу өткізді.

 
 
 

Ментор – Б.Жаксикельдиновтың ұйымдастыруымен, облыстық кардиологиялық орталықтың заңгері, 2 топтағы мүгедек – Курпатаев Бахтияр Рысбекұлы оқушылармен мотивациялық кездесу өткізді.

Автор: admin от 22-05-2024, 15:29, посмотрело: 44

0 М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназияның әкімшілігі мен әдеп және құқық жөніндегі ментор – Б.Жаксикельдиновтың ұйымдастыруымен, облыстық кардиологиялық орталықтың заңгері, 2 топтағы мүгедек – Курпатаев Бахтияр Рысбекұлы оқушылармен мотивациялық кездесу өткізді. Бахтияр өзінің басынан өткен қиындыққа қарамастан Жетісу мемлекеттік университетін Заңгер мамандығы бойынша тәмамдағанын, қоғамдық өмірге белсене араласып, қалалық және облыстық «Жайдарман» ойынының жүлдегері, «Асар» құрама командасының капитаны болып, республикалық «Жайдарман» ойынына қатысқанын айтып берді. Сондықтан өмірде кездесетін қиындықтарға мойымай, оларға төтеп беру арқылы тұлға ретінде өсуге, білім алып, білік жинауға шақырды. Балаларды алда күтіп тұрған ҰБТ-ға жақсы дайындалып, ойдағыдай тапсыруға тілектес екенін жеткізді. Дегенмен де, олардың болашағы ҰБТ-ға тәуелді емес екеніне баса назар аударып, тіпті ҰБТ-дан өте алмай қалған жағдайда болса да, мойымай, жаман ойлардан, қорқыныштан аулақ болуға шақырды. Арман-мақсатқа жетудің сан алуан жолы бар екенін айтты.
https://youtube.com/shorts/F1Bh2Ltu8Zo?feature=share

Категория: Бейнежазбалар

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.