Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қалалық “Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі” тақырыбындағы шебер сынып

Автор: admin от 28-01-2021, 15:56, посмотрело: 237

0

    2021 жылдың 28-қаңтарында Талдықорған қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен  қалалық семинар өткізілді. Семинарда М.Жұмабаев атындағы №19  орта мектеп гииназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, тәлімгер Сейсембаева Сезім Жайлаубекқызы  “Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі” тақырыбында шебер сынып өткізіп, тәжірибесімен бөлісті. Шебер сыныпқа қала бойынша тәлімгерлер мен жас мамандар қатысып, өз пікірлерін ортаға салды және жұмыс жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны аталып өтілді.

Категория:

 

«Дұрыс тамақтану ережелері» атты тренингтің Хаттамасы № 2

Автор: admin от 20-01-2021, 08:47, посмотрело: 438

0
«М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық 
мемлекеттік мекемесі бойынша өткізілген  «Дұрыс тамақтану ережелері»  атты тренингтің     
Хаттамасы  № 2

Күні:     20 қаңтар 2021 жыл
Түрі: ON-LAIN режим, ZOOM платформасы
Қатысқаны:  Мектеп ұжымы – 20,  1-4 сынып оқушылары, «Болашақ» ОБҰ

Күн тәртібінде: 
  1. Лекция: «Дұрыс тамақтану ережелері»        
Тыңдалды: 
     Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің тапсырысы бойынша мектеп медбикесі мектеп дәрігері: М.Ибраева мектеп-гимназияның 1-4 сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтану ережелері»  тақырыбында ON-LAIN режим, ZOOM платформасында лекция оқып, дұрыс тамақтану туралы баяндап, тамақтың зиянды жағы мен пайдалы жағын жан-жақты ұғындырып, өзара ой бөлісті. Көрсетілген бейнеролик бойынша оқушылар тарапынан қойылған белсенді сұрақтарға қонымды жауаптар алынып, тренинг тартымды өтті.  Лекция барысында оқушыларға дұрыс тамақтану жайында ескертпелер таратылып, жадынамалар үлестірілді. 
жиналыс барысында кері байланыс орнатылды.
Шешім:
  1. Мектеп-гимназия  бойынша 1-11 сынып жетекшілері ата-аналармен өзара тығыз байланысты орнатып, үй жағдайында оқушылардың дұрыс тамақтануына дұрыс көңіл бөлініп және  үнемі қадағалансын.
  2. Дұрыс тамақтану туралы түсіндірме жұмыстары өз деңгейінде күнделікті жүргізіліп отырылсын.
  3. Мектеп бойынша атқарылатын тәрбие жұмыстары сынып жетекшілерге міндеттелінсін.
  4. Осы шешімнің орындалуын қадағалау ДТІЖО А.Қожекеноваға жүктелсін.
                  Жиналыс төрайымы:                                    А.А.Қожекенова
                  Хатшы:                                                      В.К.Маликова

Категория:

 

2020-2021 оқу жылы бойынша «Қазақстан балалары - қысқы ғажайып» тақырыбындағы қысқы демалыс кезінде ON-LAIN режимде атқарылатын іс-шаралар

Автор: admin от 11-01-2021, 10:07, посмотрело: 418

0

Мектеп-гимназия бойынша   2020-2021 оқу жылының 31.12.2020-10.01 аралығында «2020-2023 жылдарға арналған каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 1-ө өкіміне сәйкес, қысқы каникул кезінде оқушылардың пайдалы және белсенді қызметін ұйымдастыру жүйесін дамытуға және жетілдіруге бағытталған «Қазақстан балалары – қысқы ғажайып!» қысқы каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды басшылыққа ала отырып,  балалар мен жасөспірімдер арасында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу және алдын алу және балалардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, шығармашылық, спорттық, көшбасшылық бағдарламаларды іске асыру  бағытында және оқушылардың  демалыс кезінде пайдалы да  белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру жүйесін дамыту мен жетілдіру мақсатында   ON-LAIN режимде қысқы  демалыс   кезінде атқарылатын іс-шаралар жоспары талқыланып, бекітілді. Бекітілген жоспар негізінде келесі жұмыстар атқарылды:

  • 2020 ЖЫЛДЫҢ 29 ЖЕЛТОҚСАНЫ КҮНІ 1-11 сынып жетекшілерімен отырыс өткізіліп, қысқы  демалыс жоспары талқыланып,   таныстырылды. Сонымен қатар ата-аналармен қысқы демалыс кезінде баланың жеке басының қауіпсіздігі, денсаулығына байланысты ON-LAIN жиналыс ашылып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
  • «Қауіпсіздік негіздері» тақырыбында пиротехникалық құралдарын пайдалану, жол қозғалысы ережелері мен қауіпсіздік техникасы бойынша бейнероликтер көрсетіліп,  мектеп инспекторы, полиция майоры А.С.Еркенбекованың ұйымдастыруымен онлайн кездесулер өткізіліп, алғы шарттар туралы жалпы түсінік берілді. 
  • Мектеп-гимназия бойынша 1-11 сынып жетеукшілері балалардың мастер-класстарын өткізді. Атап айтқанда:
  • 1-4 сынып жетекшілері оқушыларға «Өз қолдарымен ашық хат» жазғызып, жаңа жылдық онлайн шеберханасын ұйымдастырды;    
  • 3-4 сынып оқушылары «Қысқы ертегі» атты шығармашылық жұмыстарды өздері орындап,  онлайн байқау-көрмесін әлеуметтік желілерге жариялады. 
  • 5-6 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен  «Аяз Ата» балалар суреттерінің байқауы әлеуметтік желілерде жарияланып, үздіктер танылып, марапатталды. 


  • «Менің туған өлкем» үйірмесінің жетекшісі Д.Кунафин 1-8 сынып оқушыларының қатысуымен «Талдықорған қаласында орналасқан тарихи ескерткіштерге» ON-LAIN саяхат жасап, виртуальды экскуссия ұйымдастырды. 
  • Мектеп-гимназия бойынша бос уақытын тиімді пайдалануын бақылау, тұрмыс-тіршілігімен танысу мақсатында қамқорлыққа алынған(жетім) балалардың үйлеріне рейд ұйымдастырып, АКТ жасалынып, қашықтықтан әңгіме-сұхбат жүргізілді.
  • Отбасылық тәрбиені дамыту, жетілдіру мақсатында: 
  • «Біздің отбасымыздағы жаңа жыл» фотожобасы іске асырлды;
  • «Жаңа жылға отбасылық дәстүрлер: бос уақыт, коллекциялар» бейне жосбасы өткізілді;
  • «Біздің отбасылық жәдігерлеріміз» ON-LAIN-көрмесі ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерге жарияланып, сайттарға салынды.
  • Мектеп білімгерлерінің білімін шыңдау , тереңдету мақсатында 9-11 сынып оқушыларына бекітілген кесте арқылы пән мұғалімдері қорытынды аттесттауға дайындық жұмыстарын қашықтықтан жүргізіп, қосымша тапсырмаларын беріп, кері байланыс орнатылды.
  • Алматы облыстық   балалар мен жасөспірімдердің «Мүшелтой» клубына қатысатын, баратын  оқушылар қадағалау, тіл  мүшәйрасына дайындық жұмыстары өз деңгейінде жүргізілді. «Театр.Өнер.Балалар» ON-LAIN тренингі ұйымдастырылды.
  • Балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру және бос уақытын тиімді пайдалану бағытында оқушылардың қатысатын үйірме, спорттық секцияларға қатысуы сынып жетекшілер мен ата-аналар тарапынан бақыланып,   мектеп инспекторы мен мектеп психологіің көмегімен қоғамдық жерлерде жүру мәдениеті, құқығы туралы                   ON-LAIN-кеңес берілді.
  • «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларының танымдық белсенділігін көтеру мақсатында танымал спортшылармен  ON-LAIN кездесулер ұйымдастырылып, тәлім сағаттары өткізілді.
  • «ТОМИРИС» би үйірмесінің   мүшелерінің қатысуымен қашықтықтан би марафоны ұйымдастырылып, жеңімпавздар анықталды.
  •  «Таланттар әлемі!» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларының мәнерлеп сөйлген сөздері, әдемі айтқан әндері, мың бұралған билері, көркем шебер қара сөздері  ҚР БҒМ БҚҚК ресми беттерінде әлеуметтік желілерде жүктелініп, салынды.
  • Сәнді-қолданбалы өнерді дамыту мақсатында «Отбасылық шеберхана» балалар қолөнерінің көрмесі әлеуметтік желілерге салынып,  ата-аналардың шеберлік сыныбы таратылып, өзара тәжірибе алмасу болды.
  • Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің жетекшісі Б.Т.Елеусізованың жетекшілігімен 1-11 сынып оқушыларының қатыстырып келесі іс-шараларды өткізді:
  • «Көркем сөз» Онлайн байқауы (мәнерлеп өлеңдер мен прозалар) (8-11 сынып)
  • Жаңа Жылды қарсы алу туралы әңгіме (отбасылық, адамгершілік-рухани құндылықтар жеке мысалдар арқылы «Көркем сөз» Онлайн байқауы (мәнерлеп өлеңдер оқу)(1-4 сынып)
  • - Жаңа Жылды қарсы алу туралы әңгіме (отбасылық, адамгершілік-рухани құндылықтар жеке мысалдар арқылы) (5-7 сынып) оқылып, жеңімпаздарды мақтапу қағазымен марапаттады.
  • COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу бағытында «Жаны саудың – дені сау» тақырыбында мектеп медбикесі М.Ибраева лекция оқып, профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
  • «Қаңтардың келбеті» балаларға арналған конкурстық-ойын бағдарламасы қашықтықтан ұйымдастырылды.   
  • Мектеп-гимназия бойынша қысқы демалыс кезінде өткізілген іс-шаралар, балалар қолөнерінің онлайн көрмесі, ата-аналардың «отбасылық шеберхана» мастер - классы (дереккөз-Facebook (@bala.edu.gov.kz)  әлеуметтік желілеріндегі ҚР БҒМ БҚҚК ресми парақшаларында), Instagram (@kopd_mon_rk))-ға жүктеліп, жарияланды.

Мектеп ұжымы мен ата-аналар, оқушылар «Қазақстан балалары -  қысқы ғажайып» ON-LAIN режимде қысқы 

демалыс  кезінде атқарылатын іс-шараларға белсенді араласып, қатысты. Әсіресе ата-аналар ұжымы қажырлы еңбек 

атқарды. Мектеп әкімшілігі тарапынан «Алғыс хат» беріліп, ата-аналар жиналысында ерекше марапатталды. 

Осындай игі шаралар өз жалғасын таппақ...

Категория: