Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Эстететика апталығы

Автор: admin от 25-02-2018, 23:42, посмотрело: 712

0

Мектебімізде эстететика апталығы өтті. Жоспарға сай, бірлестік жетекшісі Мукашева Әсемнің ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру" аясында, 6 сынып оқушылары арасында "Ұлттык салт-дәстүрлер", "Ұлттық әндер" , " Ұлттық билер" , Ұлттық ойындар" атты сыныптан тыс мәдени - сазды іс шаралар, байқаулар өтті.

Бас жүлдені 6 " А" сыныбы, жетекшісі- Мукашева Асем,

І орынды 6"б" сыныбы, жетекшісі- Искакова Гаухар; ІІ орынды 6 "ә" сыныбы,

жетекшісі- Байсейтова Динара,

ІІІ орынды 6 "г " сыныбы, жетекшісі- Стабаева Анар жеңіп алды.


 

 




Категория:

 

Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

Автор: admin от 25-02-2018, 23:23, посмотрело: 1032

0  

2018 жылдың 23 ақпан күні мектебімізде Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті.

 


 

 

 

 

 


 

Категория:

 

Мағжан оқулары

Автор: admin от 23-02-2018, 22:54, посмотрело: 2192

1

Мағжан оқулары

Жылдағы дәстүр бойынша қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес мектебімізде қалалық "Мағжан оқулары" үш бағытта өтті.

1. «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» - Мағжан шығармаларын жатқа оқу байқауы. Қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін байқау басталғанға дейін ұсынды.
2. «Толқынмен толқын сырласып...» - шығармашылық жұмыс. (Мағжан Жұмабаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмыстары)
3. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас ақындар байқауы. (өз шығармаларын орындау). Қосымша берілген тақырыпқа 4 жол өлең жолдарын жазу. (Қатысушы өз шығармаларының жинағын алдын ала тапсырды).

Елін сүйген Мағжан ақынның 125 жылдығына арналған VІ қалалық «Мағжан оқуының» мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Қазақстан халқына Жолдауын, ҚР ның «Тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру аясында, жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой санасының қалыптасуына ықпал ету.

Байқаудың нәитижесі бойынша мынандай қорытынды шығарылды:

«Өлең менің Шолпаным,Айым,Күнім» бағыты бойынша жеңімпаздар:
І орын- Еркінбекқызы Айым, 11-сынып, №19 ОМГ;
ІІ орын- Күмісбекова Тоғжан - 10-сынып, №13 ОМГ;
ІІ орын- Қожахметова Жұлдыз, 9-сынып,№26 ОМГ;
ІІ орын -Алыбаева Жанель, 9-сынып, №11 ОМГ;
ІІІ орын- Тұрсынәлі Гүлдеш, 8-сынып, №4 ОМГ;
ІІІ оорын- Қызайбек Ақерке, 6-сынып, №5 ОМГ;
ІІІ орын- Төлеуғазина Айгүл, 7-сынып, №18 ОМЛ;
ІІІ орын -Бейсенбай Назерке, 5-сынып, №17 ОМГ;
Мадақтама- Оқасова Айгерім, 7-сынып, №22 ОМГ;
Мадақтама- Сайын Фариза, 6-сынып, №12 ОМГ

«Толқынмен толқын сырласып...» бағыты бойынша жеңімпаздар: :
І орын- Қайсар Айзада, 9-сынып, №17 ОМГ;
ІІ орын- Нұрбақыт Зере, 8-сынып, № 4 ОМг;
ІІ орын - Мейрамбек Медеу, 10-сынып, №18 ОМЛ;
ІІІ орын- Жанатұлы Ақтөре, 9-сынып, №19 ОМГ;
ІІІ орын- Балтабек Арлан,10- сынып, №21 ОМГ;
ІІІ орын- Омарбекова Аружан; 9-сынып, №22 ОМГ;
ІІІ орын-Жаркенова Әнел, Ағали Еділ, 10-сынып, №7 ОМГ;
Мадақтама - Әбдімажанова Ботаагөз, 9- сынып, №10 ОМГ;
мадақтама- Мұратхан Әйгерім, 9-сынып, №25 ОМГ;

«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бағытының жеімпаздары:
І орын- Мұхитқызы Арайлым №15 ОМГ;
ІІ орын- Иманбетова Ақпейіл, №9 ОМГ;
ІІ орын- Тұрарбек Жайна, № 25 ОМГ;
ІІ орын- Шаяхмет Шырын, №7 ОМГ,
ІІІ орын- Иса Жігер, №21 ОМГ;
ІІІ орын- Құттыбай Әділ №22 ОМГ;
ІІІ орын- дауылбаев Рахат, №26 ОМГ;
Мадақтама- жанатбек Ерзат , №19 ОМГ;
мадақтама- Асқар Абылай, №4 ОМГ.

 

 

 

 



 

 

Категория:

 

Музейде

Автор: admin от 23-02-2018, 22:40, посмотрело: 666

0
1"А" сынып оқушылары өлкетану музейінде


 




 


Категория:

 

Көрме

Автор: admin от 23-02-2018, 22:38, посмотрело: 1286

0

Технология пәнінің мұғалімдері Нұрғожин Құмарбек пен Нұргожина Гүлназдың балалар қолымен жасаған көрмесі.


 

 

 

 

 



Категория:

 

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін

Автор: admin от 9-02-2018, 23:29, посмотрело: 788

0

Мектебімізде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, мектеп кітапханашыларымен биригип, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің және 5-9 сынып оқушылары арасындағы жас ақындар мен жыр сүйер оқушылардан құралған Дюсембинова Назира Ермуханқызының "Көркем сөз шеберлері" клубының ұйымдастыруымен " Мен өмірді жырлау үшін келгенмін" атты әдеби-сазды жыр кеші өтті. Әдеби жыр кешіне Жетісу мемлекеттік университетінің филология факультетінің ІІІ КУРС студенті, жас ақын, республикалық байқаулардың жүлдегері Байжұма Медет пен талантты, республикалық байқаулардың жүлдегері, жас ақын, Жетісу облыстық газетінің тілшісі Мұхтар Күмісбек қатысып, өздерінің жырларын тарту етті. Бұл кеште оқылған жырлар мен арнаулар мектеп оқушылары мен ұстаздарды ерекше нәзік сезімге бөледі. Қатысушылардың патриоттық сезімдерін оятты, мемлекеттік тіліміздің дамуына өз үлестерін қосты. Ақын жырларының әр алуандығын паш еткен жыр кеші барша оқушылар мен ата-аналардың, ұстаздардың көңілінен шыкты. Сонымен қатар, ақынның әндері де орындалды. Ән орындауда кештің қадірлі қонақтары, болашақ музыка пәні ұстаздары Берікбол Даурен "Қоңыр күз", Бек Күмісбек "Сенің көзің ...", "Ана сен бақыттысың" әндерін орындап, ерекше халық көзайымы болды. 8 "Ә" сынып оқушысы Нұртайқызы Әзиза мен 9 "Б" сынып оқушысы Жанат Аятолланың орындауында "МЕН ДЕП ОЙЛА" әні, 9 "Б" сынып оқушысы Құрман Ерасыл мен 9 "А" сынып оқушысы Мухаммад Маликтің орындауында "Жалаң аяқ қыз" әні, Ақылбек Шынардың домбыра сүйемелдеуінде "Қарасаз" әні, 7 "А" сынып оқушылары Қабанбаева Назым мен Байкулакова Аянаның орындауында "Саржайлау" әні жоғары деңгейде орындалды. Бүгінде ақынның ортамызда болмағанына налимыз, ал медет тұтарымыз – алып ақынның өзінің көзіндей көрінетін өркеш-өркеш өлеңдері халқынан қалтқысыз бағасын алып, келер ғасырға керуен көшін сенімді түрде ұзатып барады. Азаматтық пен адамгершілікті асқақ мұраты санаған ақынның жүрек сырлары шынайы болмысымен, ақиқаттың алдында аласармаумен қымбат та құнды.

Ұйымдастырушылар: 
қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі мүшелері
Кітапханашылар: Аюпова Маржан мен
Жансая Альдекенова.

 

 


 


 


 

Категория:

 

Мұқағали оқулары

Автор: admin от 8-02-2018, 23:35, посмотрело: 717

0
Сағындықова Айман Болатқызы баптаған талантты оқушымыз, 10 " Ә" сынып оқушысы Бекмуханбет Мөлдір Мұқағали оқуларында ІІІ орынга ие болды.

Мұқағали оқулары

 



 

 


Категория: Оқушылар жетістіктері

 

Жыл мұғалім - 2018

Автор: admin от 5-02-2018, 23:44, посмотрело: 1539

0

Мектебімізде жыл сайынғы дәстүрлі "Жыл мұғалімі" байқауы өтті. Байқауға барлығы тоғыз мұғалім қатысты. Байқаудың І кезеңінде мұғалім өзін-өзі таныстырып, жұмыс үлгісін көрсетті. ІІ кезеңде ережеге сай пән бойынша 10 минуттық ықшам сабақ көрсетілді. ІІІ кезеңде тәрбие сағатынан ықшам сабақ көрсетілді. VІ кезеңде қатысушы ұстаздардың портфолиолары бағаланды. Байқау нәтижесінде бастауыш сынып мұғалімі Нугманова Гульмира бас жүлдені , орыстілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тілеукенова Гүлжазира І орынды, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сағындықова Айман ІІ орынды, ағылшын тілі пәні мұғалімі Бижанова Камшат ІІІ орынды жеңіп алды.

Категория: