Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектеп психолгтарының 1 сынып оқушыларымен жұмысы

Автор: admin от 18-04-2022, 23:38, посмотрело: 86

0 Мектеп  психологтары   А.А.Шаяхметова   мен   М.М.Қабылбекова   мектепалды   даярлық  сынып, 1  сынып   оқушыларына  ұсақ  қол   моторикасымен  жұмыс    жасата   отырып,     танымдық  қабілеттерін   дамыту  жұмыстарын жүргізді.

Категория:

 

1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ

Автор: admin от 18-04-2022, 23:28, посмотрело: 97

0 1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА!!!
2021-2022 оқу жылына 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау ережесін ұсынамыз.
?Құжат қабылдау 2021 жылдың 1-сәуірінде басталып, 1-тамызға дейін жалғасады;
?Өтінішті egov.kz және es.e-zhetysu.kz электрондық мектеп» арқылы беруге болады.
️Қажетті құжаттар тізімі:
?Ата-ананың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
 ? Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
 ? «Бала денсаулығы паспорты»
 (026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат);
 ? 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
 ? 3х4 көлеміндегі фото (2 дана)
?Айта кетейік, өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.

Категория:

 

“Кәсіптік бағдар беру” туралы

Автор: admin от 14-04-2022, 15:28, посмотрело: 97

0 Қазіргі таңда кәсіптік білім беру саласында  адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау кезек күттірмейтін талап.  Адам еңбек ету іс-әрекетіндебілім мен ептілікті игеру үшін кәсіптік білім беру қажет. Кәсіби білім – қандай да бір кәсіп аясында біліктілік қызметіне қажетті жүйелі білік, дағдыларды игеру процессі, құралы мен нәтижесі, және де сол кәсіби ортаға сай мінез-құлық ережелері мен нормаларды сақтауды қарастырады.
Бүгін мектебіміздің оқушыларына арналған “Кәсіптік бағдар беру” бойынша  түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесуге Алматы облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы Керімбек Болат Бақбергенұлы бастаған Жетісу жастары келді. 
Кездесудің мақсаты: қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу. Білім алу жолдарын түсіндіру. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.

Категория:

 

9-11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау туралы

Автор: admin от 14-04-2022, 15:20, посмотрело: 122

0 9-11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау  білім алушылардың жалпы орта білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін, меңгеру дәрежесін байқау мақсатында жүргізілетін рәсім.
 Мектеп-гимназияның жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыру, білім беру стандартының орындалуын тексеру мақсатында   2021-2022 оқу жылына арналған оқу-тәрбие  жұмысының жоспарына сәйкес 01. 03. 2022  жылы №17 - ө бұйрығы негізінде Наурыз айының 01-05 аралығында комиссия құрылып,  9-11 сынып   оқушыларынан мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дайындау мақсатында  және мектепішілік бұйрық негізінде қазақ тілінен эссе, математикадан бақылау жұмысы, орыс тілінен бақылау жұмысы, қазақстан тарихынан тест жұмыстары алынды.


Категория:

 

«Мамандық таңдауда ата-ананың маңызы» тақырыбында ата-аналар жиналысы

Автор: admin от 8-04-2022, 16:46, посмотрело: 122

0 Сәуір айының 8 күні 9 сынып оқушыларының ата-аналарға  кәсіптік бағдар беруге байланысты «Мамандық таңдауда ата-ананың маңызы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.  Жиналыста мектеп  директоры Қ.Т.Сарқытов  мамандық таңдаудың маңызы, ата-ананың бала өміріндегі алатын орны туралы айтып өтті. Мектеп  пихологтары оқушылардан алынған тест нәтижелерімен  таныстырып, кәсіптік бағдар бойынша ата-аналарға кеңестер берді. 

Категория: