Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ - 2022" байқауы

Автор: admin от 29-03-2022, 12:55, посмотрело: 237

0 2022 жылдың 29 наурыз күні мектепішілік "Жыл мұғалімі-2022" байқауы өткізілді. 

?- Байқаудың мақсаты шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, парасатты өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі зор, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау.
Байқау 3️⃣ кезеңнен тұрды:
?-І кезең. Педагогикалық жұмыс жүйесінің моделі. Байқау тапсырмасының форматы: Инновациялық тәжірибені оқу – әдістемелік тұрғыда қолдануы және оны демонстрациялау. 
? - IІ кезең.
Байқауға қатысушылар Күнтізбелік жоспарға сәйкес бір сабағына презентация жасайды. 
?- ІІІ кезең. ӘР мұғалімнің байқаудан бұрын өзінің әдістемелік талапқа сай дайындалған электронды портфолиосы.

Байқау барысында мұғалімдер шығармашылық жағынан жан-жақты сынға түсіп, жаңа идеяларымен де бөлісті. 

?Қорытындысында БАС ЖҮЛДЕНІ Бастауыш сынып мұғалімі БАЯДІЛ ЛӘЗЗАТ АСҚАРҚЫЗЫ иеленді.
Жеңімпаз ұстаз байқаудың қалалық кезеңіне жолдама алды. Барлық жүлдегерлер мен қатысушылар дипломдармен және мектепішілік кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 
Ұстаздарымызға сәттілік тілейміз!

Категория:

 

Құттықтаймыз!

Автор: admin от 2-03-2022, 19:28, посмотрело: 79

0 Мектебіміздің шебер-педагогы Исаева Светлана Нұрғазықызының ақындық өнерге баулып жүрген 9«Ә» сынып оқушысы  Қайратқызы Ақмарал бүгінгі қалалық  Қадыр оқуларының «Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін...» бағыты бойынша  І орынды   жеңіп алды. Қазақ тілін сақтау — ата-баба аманатын сақтау деген сөз. Сондықтан әрбір азамат  қазақ тілін көзінің қарашығындай сақтап, өз тілін құрметтесе, ұлтымыздың болашағы жарқын болатыны сөзсіз.

Категория:

 

«Өлең, мен сені аялап өтемін» тақырыбында ашық сабақ

Автор: admin от 2-03-2022, 12:12, посмотрело: 145

0 Қанипа Омарғалиқызының республикалық  ғылыми-әдістемелік зертханасы  ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығымен  тығыз байланыста жұмыс жасап, зертхана алаңында биылғы оқу жылында қалалық, облыстық, республикалық деңгейде ұйымдастырылған вебинарларға бірлестік мүшелері де өз үлесін қосты.
   Қанипа  Омарғалиқызы Бітібаеваның жобалап оқыту технологиясы  бойынша  9 «А» сыныбының пән мұғалімі Б.Т.Елеусізова Фариза Оңғарсынованың «Өлең, мен сені аялап өтемін» тақырыбында алғашқы жоспарланған сабағы сәтті өтті. Оқушылардың  ынтасы, белсенділігі  артып,білім   сапасы  толыға түсті.Ізденімпаздыққа, дербес ойлауға, өзіндік қорытынды жасауға талпынды.Өзін-өзі оқыту,өз «Менін» табу, «Оқыту үшін оқу»  мәселелері   жүзеге  асты.

Категория:

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігінің салтанатты ашылуы

Автор: admin от 2-03-2022, 12:08, посмотрело: 129

0 Рухани жаңғыру тұрғысынан   оқушылардың жеке зерттеушілік құзыреттілігін ұлттық құндылықтармен қалыптастыру,Қанипа  Омарғалиқызы Бітібаеваның республикалық ғылыми-әдістемелік зертханасын іске асыру мақсатында мектебіміздің 2021-2022 оқу жылындағы іс-шара жоспарына сәйкес   01-18 наурыз аралығында "Týǵan tilim, órkende !Bola ber, kúshti, kórkem de! " атты тақырыпта қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің  онкүндігінің салтанатты ашылу жиыны өтті.   
Мектебіміздің оқушылары өнерлерін ортаға салып, күй шертіп, ақындардың жырларын мәнерлеп оқыды. Тіл туралы мақал-мәтелдер жатқа айтылды. 
   «Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиістіміз» деп Ахмет Байтұрсынов атамыз айтқандай, қазақ тілі - қазақ халқының рухани, мәдени байлығы, баға жетпес құнды қазынасы, асыл мұрасы екендігі айтылды.

Категория:

 

"Тәжиірбелік алаң"

Автор: admin от 1-03-2022, 23:17, посмотрело: 109

0 М.Жұмабаев атындағы  №19 орта мектеп-гимназиясында  2022 жылдың 29 қаңтары күні «Зерде» ассоциациялық топ мүшелерінің кезекті   тәжірибе алаңы өткізілді.   Жоспарға сәйкес директордың екінші біліктілік сантты әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, педагог-зерттеуші, Б.Б.Сыдықова «Авторлық бағдарлама жазудың жолдары» атты  таныстырылым көрсетсе, мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, «Ы.Алтынсарин төсбелгісінің» иегері С.Н.Исаева өзінің «Кемелтану» авторлық бағдарламасының тұсаукесерін өткізді.

Категория:

 

"Тәжиірбелік алаң"

Автор: admin от 1-03-2022, 22:23, посмотрело: 141

0 М.Жұмабаев атындағы  №19 орта мектеп-гимназиясында  2022 жылдың 26 ақпаны күні «Зерде» ассоциациялық топ мүшелерінің кезекті  тәжірибе алаңы өткізілді.  Жоспарға сәйкес тарих пәнінің мұғалімі, облыстық деңгейдегі тренер, педагог-зерттеуші Н.С.Досаева «БЖБ, ТЖБ құрастырудың жолдары» атты шеберлік сағат және математика пәнінің мұғалімі, 1 деңгей курсын бітірген, «Ы.Алтынсарин төсбелгісінің» иегері М.Е.Бертісова мен 2 деңгей курсын  бітірген математика пәні мұғалімі Л.В.Базаралиналар   «Сабақ барысында қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігі» тақырыбында коучинг өткізді. 




Категория: