Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"Астана бас қас қала-Талдықорған жас қала" атты жоба

Автор: admin от 30-01-2018, 22:12, посмотрело: 453

1

Астана сенен биік қала бар ма? 
Дара жүзің ұқсайды даналарға.
Күй кешіп ем жұмаққа келгендей бір
Сені алғаш анаммен араларда.

Астана сенен асқақ тұғыр бар ма?
Қуат беріп келесің құлын жанға.
Түннің ояу жатқаны қандай ғажап,
Жұлдыз біткен қойныңа тығылғанда.

Астана сені айтпаған сөз қалдыма,
Кербез көркің келеді көз алдыма.
Сенде туған сәбилер біледі ма?
Жүргендерін бақыттың базарында.

Астана мәртебемнің мұнарасы,
Шаһарлардың ақылман ғұламасы.
Айбарым мен айбатым тек өзіңсің,
Сондықтан сүрінбеші, құламашы.

Астана рухың биік, жаңарың шат,
Елім үшін басқадан бағалым нақ.
Талдықорған жас қала күннен күнге,
Біле білсең келеді саған ұқсап.

Көремін екеуіңнің үндестігін,
Көремін екеуіңнің бір кескінің.
Талдықорған тұрағым мақтанышым,
Астана мәңгі менің сөнбес күнім.

7"А" сынып оқушысы Доскали Абыр

 



 




 


 


Категория: Оқушылар жетістіктері

 

"Астана бас қас қала-Талдықорған жас қала" атты жобаны қолдауға мектебіміздің "Жігер" домбырашылар клубы

Автор: admin от 30-01-2018, 22:04, посмотрело: 984

0 Рухани жаңғыру аясында ұйымдастырылған Жас Отан жастар саясаты бөлімінің Қазақстан Республикасының Елорпдасы-Астана қаласының 20 жылдығына арналған, жасөспірімдер арасында шығармашылық және зияткерлік қабілетін арттыру, оқырмандық көзқарасын кеңейту, өз талантын көрсету мақсатында "Астана бас қас қала-Талдықорған жас қала" атты жобаны қолдауға мектебіміздің "Жігер" домбырашылар клубы күйлерімен қолдаса, "Жас тілші" клубының мүшелері мәнерлеп өлең оқу арқылы қолдау көрсетті. 


 


 

 

 


 

Категория:

 

"Жас ақындар" байқауы

Автор: admin от 29-01-2018, 22:20, посмотрело: 1099

0

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі жетекшісі Дюсембинова Назира Ермуханқызының тікелей ұйымдастыруымен және осы бірлестіктегі тәжірибеден өтуші шәкірттеріміз Дәулетова Айдана,
Жанайдарова Аруна, Шенгелбаева Назеркенің жүргізіп, қатысуымен "Жас ақындар" байқауы өтті. Мұндағы мақсат оқушыларымыздың кітап оқуға, өлең- жыр оқуға деген қызығушылығын ояту, өлең жазуға деген ынтасын ояту болатын. Байқауға 5- 10 сынып аралығындағы 22 оқушы қатысты. Суырылып 22 оқушының байқауға катысуға ниет білдіруі көңіл қуантады. Жеңімпаз ақындар марапатталып, қатысушы ақын балалар номинациялық мақтау қағаздарына ие болды. Әдеби кештің әділ- қазылар алқасына арнайы шақыртылған талантты ақын жігіт Байжұма Медетке және әнші шәкірт Берікбол Дәуренге ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтамыз! 
 Бас жүлдеге ие болған "Жас ақын" - 5"Б" сынып оқушысы Жанатбек Алматты , сынып жетекшісі Кунафин Думанды құттықтаймыз!!! Қаламы ұштала берсін! Талантына , талабына нұр жаусын!

І орынға ие болған 6 "ә" сынып оқушысы Меліс Маржанды, жетекшісі Исаева Светлана Нұрғазықызын, сынып жетекшісін құттықтаймыз!!!

ІІ орынға ие болған 9"б" сынып окушысы Жанат Аятолла мен жетекшісі Айжан Нұргазықызын, сынып жетекшісі Амралиева Салтанат апайды жеңісімен құттықтаймыз!!!

ІІ орынға ие болған 7"б" сынып окушысы Жанатбек Ерзат пен жетекшісі Айман Болатқызын, сынып жетекшісі Хамитова Жанат апайды жеңісімен құттықтаймыз!!!

ІІІ орын алған 6 "а" сынып окушысы Гапуова Аружанды және жетекшісі Бакыт Балтабайқызын, сынып жетекшісі Мукашева Әсемді жеңістерімен құттықтаймыз!!!

ІІІ орын алған 9 "б" сынып окушысы Құрман Ерасылды және жетекшісі Айжан Нұргазықызын, сынып жетекшісі Амралиева Салтанат апайды жеңістерімен құттықтаймыз!!!

ІІІ орын алған 9 "а" сынып окушысы Маликов Мухаммадты және жетекшісі Исаева Светлана Нурғазықызын, сынып жетекшісі Дауренбекова Лаззат апайды жеңістерімен құттықтаймыз!!!



 

 



 


 


Категория: Оқушылар жетістіктері

 

Елбасының Жолдауына пiкiр

Автор: admin от 10-01-2018, 12:25, посмотрело: 1128

0


Бүгін М. Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназия ұжымының мұғалімдері елбасының жолдауын талқылап, жолдауда айтылған 10 міндет туралы мектебіміздің бірқатар мұғалімдері сөз алды. Жолдауды қолдау мақсатында жарыссөз алған мұғалімдер өз пікірлерін білдірді.

Бүгiнгi ЖолдаудаТөртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерініңмақсаттары мен мiндеттері жүктелдi.

ПрезидентiмiзБүгінде әлемТөртінші өнеркәсіптік революциядәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағытерең және қарқынды өзгерістер кезеңінеқадам басқанын, жаңа технологиялық қалыпбіздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынын, балаларымызды қалай тәрбиелейтініміздітүбегейлі өзгертуде.


 

 






 

 

 

 


 

Категория: ---

 

Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

Автор: admin от 6-01-2018, 02:16, посмотрело: 1708

Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

 

Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

 

Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

 

Категория: ---