Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Сынып сағаттары

Автор: admin от 30-11-2017, 04:08, посмотрело: 1134

0
Тұңғыш президент күніне орай өткізілген сынып сағаттарынан фрагменттер

 

 


Категория:

 

Тұңғыш президент күні

Автор: admin от 30-11-2017, 04:02, посмотрело: 1261

0

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды. Қазақстан Республикасының алғашқы президент күнін атап өту Қазақстан Республикасының президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған.

Мектебімізде осы атаулы мерекеге орай сынып сағаттары мен марапаттау кеші ұйымдастырылып, өткізілді. "Дарын", "КҒА", МӘДЕНИ- СПОРТТЫҚ шаралардың жеңімпаздары марапатталды.

 

 

 

 




 



 

 


 

Категория: ---

 

Латын әліпбиі- рухани жаңғырудың негізі

Автор: admin от 23-11-2017, 22:04, посмотрело: 652

1
"Рухани жаңғыру " бағдарламасы аясында мектебіміздің 8- сынып оқушылары және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Исаева Светлана Нурғазықызы "Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттар" басқармасы мен Сейфуллин атындағы кітапханасы, Алматы облысының мемлекеттік архиві, "М. Тынышбаев атындағы өлкетану музейі" бірлесіп ұйымдастырған "Латын әліпбиі- рухани жаңғырудың негізі" атты көрмені тамашалады, дөңгелек үстелге қатысып, өз ойларын білдірді
 


 



 


Категория: ---

 

Береке-бірлікте, ырыс-ынтымақта

Автор: admin от 23-11-2017, 21:37, посмотрело: 1227

0


2017 жылдың 22 қарашасында «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат» бағдарламасы бойынша «Береке-бірлікте, ырыс-ынтымақта» тақырыбында«Мәңгілік ел» идеясын негізге ала отырып, жастардың бірлік, достық, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға атсалысатын азамат болуға тәрбиелеу, Елбасының Жолдауларын және «Болашаққа бағдар: рухнаи жаңғыру» мақаласын белсенді түрде насихаттай отырып, сонымен қатар ұлттық құндылықтарымызды, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді, тарихи әдеби мұраларымызды сақтай және әрі қарай жандандыра отырып, оларды жастардың санасын жаңғырту мақсатында республикалық тәрбие сағаты өтті.

 

 


 

 


 

Категория:

 

Үздік сынып жетекші - 2017

Автор: admin от 18-11-2017, 11:28, посмотрело: 446

0
Қалалық "ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІ -2017" байқауының бас жүлдегері Дюсембинова Назира Ермуханқызы

 


Категория:

 

Прага қаласында өткен байқау жеңімпазы

Автор: admin от 16-11-2017, 06:01, посмотрело: 614

0
Қараша айында мектебіміздің  8 «А» сынып оқушысы Мұратбек Санжар Талдықорған қаласының жас домбырашыларымен Чехия мемлекеттінің астанасы Прага қаласының «Салют талантов» өнер бәйгесіне қатысты. Жарыста «Ата толғау», «Көшбасшы» күйлерін орындап «Мұрагер» ансамблі қазақтың күй өнерін Еуропа төріне мойындатып, бас жүлдемен оралды. «Мұрагер» ансамбльнің мүшесі Санжар жеке «соло» орындап осы жарыста бірінші орынды иеленді.

Прага қаласында өткен байқау жеңімпазы

 


 

 

Категория: Оқушылар жетістіктері

 

Күз мерекесі

Автор: admin от 15-11-2017, 02:46, посмотрело: 1035

0


Мектебімізде алғашқы тоқсан аяқталып, соңғы аптада "Аяулы күз-алтын күз-2017" байқауы өтті.
Байқауда 5-7 сыныптар арасында өздерінің өнерпаздық, шеберлік қырынан ерекше танылып
бас жүлдені 5 "а" сыныбы, 8-10 сыныптар арасында 10 "а" сыныбы жеңіп алды. Сонымен қатар, бастауыш 1-4 сыныптар арасында "Күз мереке-күз береке" тақырыбында қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.


 


 

 


Категория:

 

Облыстық шығарма байқауы

Автор: admin от 15-11-2017, 02:27, посмотрело: 685

0

Үміттер ақталады немесе кішкентай жұлдыздар жарқырайды...

Мектебіміздің 10 "Б" сынып оқушысы Зайнолла Расул жетекшісі Искакова Гаухар Нәдірханқызымен бірге қыркүйек айында елбасымыздың "Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар" мақаласын қолдау мақсатында өткен "Рухани жаңғыру: туған жер" атты шығармасымен мектепішілік байқауда 1- орынды иеленіп, шығармасы қалалық байқауға жолдама алған болатын. Бүгін Расул облыстық байкаудан 1-орынды иеленіп, үлкен марапатқа ие болды. 

Облыстық шығарма байқауы

 

 


 

Категория: Оқушылар жетістіктері

 

Домбырам - асыл қазынам

Автор: admin от 15-11-2017, 00:28, посмотрело: 726

0
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған " Домбырам- асыл қазынам" атты өнер байқауында 8 "Б" сынып оқушысы Заңғар Болатбекұлы "Ұлттық аспапта ойнау" номинациясы бойынша ІІ орынды жеңіп алды.
Қымбатты Исаева Светлана Нұрғазықызы! Жеңістеріңіз құтты болсын!

Домбырам - асыл қазынам

 




Категория: Оқушылар жетістіктері

 

Шығарма байқауы

Автор: admin от 14-11-2017, 21:19, посмотрело: 1350

0
2017-2018 оқу жылынд­ағы оқу- тәрбие жұмы­сының тағы бір ерекш­елігі Мемлекет басшы­сы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғам­ды рухани жаңғыртудың ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тә­сілдерді терең зерде­леу және білім алушы­лар арасында таратуды ұйымдастыру болып табылады. Талдықорған қаласының «М. Жұма­баев атындағы» №19 орта мектеп-гимназияс­ының 9-11 сынып оқуш­ылары арасында «Ру­хани жаңғыру: туған жер» тақырыбында шығ­армалар байқауы ұйым­дастырылды. Өз шыға­рмаларында оқушылар әр қазақстандықтың рухани санасын жаңғы­рта түсуге қажет бас­ым бағыттарға кеңінен тоқталды. Атап айт­қанда, бәсекелік қа­білеттілік, прагмати­зм, ұлттық бірегейлі­кті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қаз­ақстанның революциял­ық емес, эволюциялық дамуы және сананың ашықтығы сияқты түсі­ніктердің түпкі мазм­ұнына терең бойлады. Жеңімпаздар оқушыла­рды қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің мұғалімдері мақтау қағазымен марапатт­ады.

 



 

 


Категория: ---

 
Назад Вперед