Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қалалық семинар

Автор: admin от 24-05-2022, 21:41, посмотрело: 273

0 2022 жылдың 29 сәуір күні «Жаратылыстану пәндері сабағында оқу мақсатына жетудің тиімді жолдары» атты қалалық семинар өтті. Семинарда ашық сабақтар, коучинг, шебер сыныптар көрсетіліп, мектебіміздің жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері қала мектептерінің мұғалімдерімен өзара тәжірибе алмасты.
















Категория:

 

Тәжірибе алмасу семинары

Автор: admin от 24-05-2022, 20:40, посмотрело: 223

0 2022 жылдың 23 сәуір күні мектептің  шығармашылық ұжымынан құрылған «Зерде» ассоциациялық тобының жоспарына сәйкес семинар өткізілді. Семинарда  «Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, зейіндерін шоғырландыру жолдары»,  «Сабақты зерттеу және зерттеу тақырыптарын таңдаудың тиімділігі» атты тақырыпта шебер сыныптар көрсетіліп тәжірибе алмасты.






Категория:

 

Референдумға қолдау!

Автор: admin от 21-05-2022, 19:23, посмотрело: 91

0 Еліміз өзгерістердің алдында тұр. Оның негізгі қозғаушы күші – осы конституциялық реформалар. Бұл реформалардың мәні – еліміздегі демократияны нығайту, азаматтардың мемлекет ісіне араласу мүмкіндігін арттыру. Міне, сондықтан, Президентіміз Ата Заңға енгізілген өзгерістерді халықтың талқысына салып, көпшіліктің шешіміне сүйеніп қабылдауды көздеп отыр.
Бұған дейін айтылғандай конституциялық өзгерістер аясында суперпрезиденттік басқару моделінен алшақтаймыз. Парламенттің және жергілікті өкілді органдардың ықпалы арта түседі. Құқық қорғау органдарына қатысты да шешуші өзгерістер орын алмақ. Міне, мұның барлығы азаматтардың мүддесінің, құқығының лайықты қорғалуына, олардың үнінің биік мінберлерге кедергісіз жетуіне кепіл болады.
Президентіміз үндеуінде елі¬міздің алдында жаңа және әділетті Қазақстан құру міндеті тұрғанын тағы бір мәрте еске салды. Жарияланған конституциялық реформалар осы міндетті табысты жүзеге асыру үшін қажет екенін жеткізді және азаматтарды алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Референдум – бірлігімізді айшықтайтын айтулы саяси оқиға. Азаматтарымыз Мемлекет басшысы айқындаған саяси жаңғыру бастамаларын қолдайды деп сенеміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем болсын! Жаңа Қазақстанды құруға бірге атсалысайық.

Категория:

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Автор: admin от 17-05-2022, 19:26, посмотрело: 197

0 Мамыр айының 13 күні Талдықорған қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен  білім беру мекемелеріндегі бастауыш сынып мұғалімдерінің қоғамдағы беделін арттыру, мұғалімдерді қолдау, педагогтардың арасында байланыс орнату мақсатында  дәстүрлі «Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2022» атты байқауы    өтті. Байқауға қатысушылар эссе жазу, таныстырылым, үздік сабақ үлгісі кезеңдері бойынша бақ сынады. 
  Мағжан Жұмабаевтай алаш зиялыларының есімімен аталған мектеп- гимназиямыздың  намысын бастауыш сынып мұғалімі Баяділ Ләззат Асқарқызы қорғап, І орын жеңімпазы атанды. Ләззат Асқарқызының балаларға деген шексіз мейірімі мен білімге құштарлығы, креативті қасиетімен, сахнада өзін ұстау шеберлігімен көзге түсті.
Мағжан Жұмабаевтың: «Алты алаштың  баласы бас қосқан жерде ең қадірлі орын - ұстаздікі» деген ұлағатты сөзін  әсте есте сақтап, мұғалім мәртебесін арттыра берейік. 















Категория:

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Автор: admin от 16-05-2022, 23:54, посмотрело: 89

0 2022 жылдың 14-мамыр күні "Жетісу дарыны" оқу-әдістемелік орталығы, "Зерделі" ақыл-ой дамыту орталығымен бірлесіп бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған "Математикалық шайқас" атты жарысын өткізді. Жарысқа қала мектептерінен 69 мұғалімнен құралған 23 команда қатысты. Жарыста мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері Сарқытбаева Анар, Дюсенбинова Гүлнұр, Унерханова Диана үздік нәтиже көрсетіп, 1-дәрежелі ДИПЛОММЕН марапатталды.











Категория: