Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Пікірсайыс

Автор: admin от 25-01-2022, 12:17, посмотрело: 193

0

Категория: Бейнежазбалар

 

Пікірсайыс!

Автор: admin от 25-01-2022, 12:00, посмотрело: 98

0
25 қаңтар күні №19 Мағжан Жұмабаев атындағы орта – мектеп гимназиясында «Жалын» дебаттық еріктілер клубының оқушылары арасында «Қазіргі адамдардың заманауи болуы», «Жекеменшік мектептер», «Дәстүрлі медицина» , «Ғаламтордың пайдасы», «Слактивистер», «Туризімнің пайдасынан зияны көп» тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырылды. 8 команда мүшелері қатысып 3 критерий бойынша мықты қатысушылар анықталды.


Категория:

 

CALL CENTER №19 ОМГ

Автор: admin от 11-01-2022, 17:24, посмотрело: 85

0

Категория:

 

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін бос лауазымға тағайындау конкурсы

Автор: admin от 5-01-2022, 13:17, посмотрело: 92

0 2022 жылдың 5 қаңтар күні «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің "М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы МДШО" КММ-сі Enbek.kz электрондық еңбек биржасына "Ағылшын тілі" пәні мұғалімдері декреттік демалысқа шығуына байланысты уақытша бос лауазымына конкурс жарияланды. Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды. Конкурсқа қатысушы педагогтер назарына: уақытша бос лауазымға тағайындау қағидалары жоғарыда аталған бұйрықтың 10-11 қосымшалары негізінде қарастырылады. Конкурстың өту уақыты: 09.01.2022 жыл сағат: 10:00. Қажетті қосымшаны көрсетілген сілтеме бойынша алуларыңызға болады
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200007495
1-параграф. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс өткізу тәртібі
106. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
107. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
108. Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
109. Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
111. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагогикалық әдеп нормаларын бұзу туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог конкурстың кез келген кезеңінде шеттетіледі.
113. Конкурстық комиссия кандидаттар құжаттарының біліктілік талаптарға сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес Бағалау парағында көрсетілген балдарды есептеуді жүзеге асырады.
114. Конкурс қорытындылары бойынша шешімді конкурстық комиссия жинаған балл негізінде қабылдайды.
Конкурсқа қатысуға үміткер Комиссияның қарауына оның кәсіби жетістіктері, Біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін қорыту, наградалары туралы кез келген құжатпен расталған ақпаратты, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсына алады.
Құжаттар 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, "Мүшелтой" шағын ауданы №14, «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы МДШО" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, қабылдау бөлімі, мекен-жайы бойынша хабарландыру ресми жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс, электорнды пошта мекенжайы: schn19_ga@mail.ru 

Анықтама үшін телефон: 8 (728) 25-44-52 

Категория: