Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

“Жас полиция көмекшілері-2023” байқауы

Автор: admin от 29-05-2023, 21:05, посмотрело: 58

0 Ағымдағы жылдың 24.05 күні Талдықорған қаласында өткізілген Облыстық “Жас полиция көмекшілері-2023” байқауында мектебіміздің «Арлан» ЖПК тобы 1 орынға ие болып 200000тг сертификатымен марапатталды! Құттықтаймыз!

Категория:

 

“Өнерімді еліме арнаймын”кездесу кеші

Автор: admin от 29-05-2023, 21:02, посмотрело: 40

0 Мектеп шаңырағында бүгін Ғұмаров Төлеужан Нүсіпжанұлымен 4-10 сыныптар аралығында “Өнерімді еліме арнаймын”кездесу кеші жоғары дәрежеде өтті.Кездесу барысында ақынның өлеңдері,әндері орындалып ,оқушыларды толғандырып жүрген сұрақтар қойылды .Ақын оқушыларға батасын беріп ,оқушылар кездесуден білім,тәрбие ,шығармашылық шабыт алды

Категория:

 
 

WORLDSKILLS JUNIORS ZHETYSU - 2023

Автор: admin от 21-05-2023, 15:40, посмотрело: 56

0 Студенттер мен оқушылар арасындағы информатика пәнінен өткен WORLDSKILLS JUNIORS ZHETYSU - 2023
Олимпиадасы чемпионатында  10 “ Ә” сынып оқушысы Амирхан Алихан  I орынды  иеленді! 
Құттықтаймыз!!
Жетекшісі: Ибраимова Нургуль Нығметбековна

Категория:

 

«І. ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

Автор: admin от 21-05-2023, 15:39, посмотрело: 52

0 «І. ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
«Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылдың 28 сәуір күні «Ілияс әлемі» атты дәстүрлі түрде тоғызыншы рет студент-жастарға арналған фестиваль өткізді. Фестиваль жұмысына ЖОО, колледж студенттері мен жоғары сынып оқушылары шақырылды.
Мақсаты: Құлагер ақын І.Жансүгіровтің шығармашылығын насихаттау және зерттеп, зерделеуге баулу. Студент-жастардың поэзияға деген құштарлықтарын арттыру, бойларындағы ақындық таланттарын ұштау, бағыт-бағдар беру, қолдау көрсету болды.
Фестиваль аясында мектебіміздің 10 “Ә” сынып оқушысы Амирхан Алихан  «Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай» атты мүшәйрасына қатысты (Ілияс Жансүгіровке арнаған өз өлеңі). 
Амирхан Алиханға меетептің қоғамдық өміріне белсене қатысып, өзін жан-жақты, білімді шәкірт ретінде көрсете алғаны үшін алғыс білдіреміз!
Сынып жетекшісі: Байрахимова Аида Тлеуханқызы.
Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі.

Категория:

 

Қалалық "ІЛИЯС ОҚУЛАРЫ" байқауы

Автор: admin от 21-05-2023, 15:36, посмотрело: 57

0 2022 - 2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ БІРЛЕСТІГІНІҢ КЕЗЕКТІ  ЖЕТІСТІКТЕРІ: Қалалық "ІЛИЯС ОҚУЛАРЫ" байқауы  бойынша  мектебіміздің  екі оқушысы қатысып жүлделі орындарға ие болды.  
11 «Б» сынып оқушысы   Бакытова Айдана Айдосқызы «Ілияс сөз шебері» бағыты бойынша қатысып "Алғыс хатқа" ие болды. Жетекшісі: Елеусізова Б.Т.??
Жұмағазы Жайық, 8 «Д» сынып оқушысы «Ұлы тұлғаға арнау» бағыты бойынша І орын. Жетекшісі: 
Дюсембинова Назира Ермуханқызы ??

Категория:

 

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Автор: admin от 21-05-2023, 15:26, посмотрело: 46

0 Оқу-ағарту министрі жұмыс сапарымен Жетісу облысына келді.Бүгін Ғани Бейсембаев Панфилов ауданының педагогикалық құрамымен кездесті. Мұндай кездесулер Жетісу облысының Қаратал, Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарында да жалғасатынын айта кету керек. Министр педагогтер тарапынан болған барлық ұсыныстарды тыңдады және олармен сұқбат барысында тиісті ведомствоның бірінші кезектегі міндеттерін атап өтті.
Бүгінгі таңда білім сапасын арттыру, аттестация жүйесін және педагогтерді ынталандыру тәсілдерін жетілдіру ең өзекті мәселенің бірі болып отыр.
«Мемлекет педагог мәртебесін көтеру мақсатында бірқатар шараларды қолға алуда. Оның ішінде мұғалімдердің жалақысын көтеру – жүзеге асырылған басты қадамдардың бірі. Министрлік бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра береді. Мұғалімдерді аттестациялау жүйесін жетілдіру бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп, портфолио қалыптастыру барысы қайта қаралуда. Келешекте мұғалімнің жетістігі оның әрбір оқушысының жетістігімен бағаланатын болады. Атап айтамын, еліміздің жетекші педагогтері - педагог-шеберлер мен педагог-зерттеушілер білім саласының барлық мамандары үшін үлгі болуы керек», - деп атап өтті еліміздің бас педагогі.
Жетісу облысында барлығы 15 мыңнан астам педагог еңбек етеді, оның ішінде 2309 педагог-зерттеуші, 63 педагог-шебер бар.
Сондай-ақ министр сапары кезінде жоспардан тыс шалғайдағы оқу ұйымдарында болып, мектеп дәретханаларының жағдайын қарады, оқу орындарындағы дабыл түймелерін, төтенше жағдай кезіндегі жедел әрекет ету қызметін, балалардың қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін және мектептегі тамақтандырудың ұйымдастырылуын тексерді.
Министр қауіпсіздік шараларын сынақтан өткізген білім ұйымдарының арасында Х.Хамраев атындағы орта мектеп, Д.Рақышұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығы, Кәлпе орта мектебі, Сарқан қаласының №3 арнайы мектеп-интернаты бар. Атап өту керек, білім ұйымдарына жоспардан тыс бару Жетісу өңіріндегі барлық аудандарда жүргізілуде.

Категория:

 

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Автор: admin от 21-05-2023, 15:17, посмотрело: 55

0

?️Жетісу облысына жұмыс сапары кезінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.
❔Талдықорған қаласының тұрғындары мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру саласына қатысты сұрақтар қойды.

☑️Ғани Бейсембаев олардың барлық сұрақтарына толыққанды жауап берді және зерделеп қарауды қажет ететін кейбір сұрақтарды өзінің бақылауына алды. Сондай-ақ комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Категория:

 

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Автор: admin от 20-05-2023, 08:05, посмотрело: 39

0 Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Талдықорған қаласында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малаховпен бірге білім саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы жиналыс өткізді.
Жиналысқа 200-ге жуық мектепке дейінгі, орта, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының басшылары, бухгалтерлер, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Оқу-ағарту министрі сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес білім беру саласындағы басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті.

«Оқу-ағарту министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын қаржыландырудағы коррупциялық тәуекелдерге сараптама жүргізуде. Мұндағы алдын ала алынған мәліметтер бойынша конкурс рәсімдерінде, жұмысқа орналасуда, балаларды балабақшаға, мектепке қабылдауда, сондай-ақ ұйым директорларының ұзақ уақыт бір қызметте отыруында сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар екені белгілі болды. Лауазымды бір қызметті жеті жылдан аса уақыт кезеңінде атқарып келе жатқан басшылардың барлығын тексеру туралы шешім қабылданды», - деп мәлімдеді Ғани Бейсембаев.

Сонымен қатар білім беру ұйымдарының директорларын тағайындау рәсімдерінің жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында министрлікте жоғары білікті мұғалімдердің базасы мен мектеп директорларының кадрлық резерві қалыптастырылады.

«Білім беру қызметінің барлық бағыттарын түбегейлі қайта қарап, сыбайлас жемқорлықты жою бойынша кешенді жұмыс жүргізу керек. Әрбір директор мен бухгалтердің қызметтегі мінез-құлқы, пайдакүнемдік мүддесінің болуы мұқият зерттелуі қажет. Облыстық білім басқармалары басшыларының жұмысы да осы көрсеткіштер бойынша бағаланатын болады», - деп атап көрсетті Оқу-ағарту министрі.
Еске салайық, министрлік аумақтық бөлімшелердің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, әкімдіктердің қызметкерлерін, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен қоғамдастық мүшелерін тарта отырып, мониторингтік топтар құрды.
Өңірлерде жуырда барлық аудандық, қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармалары үшін «білім аудиті» басталады.

Жиын соңында білім саласында қалыптасқан жағдайды өзгерту бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру туралы шешім қабылданды.
Атап айтқанда, ол білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға және қаржылық тәртіпті күшейтуге қатысты болмақ. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары еліміздің барлық өңірлерінде жалғасатын болады.  

Категория:

 

Ыстық тамақ туралы мәлімет

Автор: admin от 18-05-2023, 22:55, посмотрело: 74

0

Категория:

 
Назад Вперед