Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін бос лауазымға тағайындау конкурсы

Автор: admin от 29-12-2022, 10:19, посмотрело: 68

0

2023 жылдың 05 қаңтары күні «Жетісу облысы білім білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі ММ «М.Жұмабаев атындағы 19 ОМГ МДШО» КММ Enbek.kz электрондық еңбек биржасына ағылшын тілі пәнінің мұғалімі лауазымы бойынша уақытша 2 бос орынға конкурс жариялайды. Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады. Конкурсқа қатысушы педагогтер назарына: уақытша бос лауазымға тағайындау қағидалары жоғарыда аталған бұйрықтың 10-11 қосымшалары негізінде қарастырылады.
Конкурстың өту уақыты: 05.01.2023 жыл сағат: 14:00.
Қажетті қосымшаны көрсетілген сілтеме бойынша алуларыңызға болады.


https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100025349#z8​​​

Категория:

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Автор: admin от 12-12-2022, 19:02, посмотрело: 46

0 Жетісу облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында өткен Бейсен Құранбек атындағы облыстық шығармашылық байқаудың  «Үздік арнау» бағыты бойынша қалалық кезеңінде М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Қайратқызы Ақмарал І орын, облыстық кезеңде жүлделі ІІ орын және  150 мың теңгенің сертификатына  ие болды.Жетекшісі -Сейсембай Гүлмира Амангелдіқызы. Құттықтаймыз, жеңіс тұғыры қашан да биік болсын!

Категория:

 

“МАХАББАТ ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР” атты әдеби кеш

Автор: admin от 12-12-2022, 11:53, посмотрело: 76

0 Қайырлы кеш, әдебиет сүйер қымбатты оқырмандар!
Сіздерді қазақтың біртуар азаматы, ел басына күн туған сәтте қолына қару алып, оқ пен оттың арасында елі үшін соғысқан , жалынды жырларымен майдангерлердің рухын көтерген жауынгер — жазушы, қазақ әдебиетіндегі еңбек пен ерлікті, махаббат пен достықты арқау еткен, өміршең туындыларды дүниеге әкелген қалам иесі - ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВТЫҢ 100 жылдығына орай өткізгелі отырған “МАХАББАТ ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР” атты әдеби кешіміздің қадірлі қонағы болуға шақырамыз!
Болатын күні: 13 желтоқсан
Басталуы: 11:30
Өту орны: мәжіліс залы.

Ұйымдастырушылар:
?Мектеп кітапханасы;
?Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі;
? Оқушылар;
#оқуғақұштармектеп
#кітапоқыпжарысайық 

Категория:

 
 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді

Автор: admin от 4-12-2022, 20:59, посмотрело: 53

0 ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді 
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгіну арқылы азаматтар ақпараттық-анықтамалық сипаттағы консультациялар ала алады және қаржы реттеушісінің қызметіне қатысты мәселелерді жедел шеше алады. 
Қаржы реттеушісінің өкілдері өтініш берушілердің әрбір өтінішін қарайды және банк, сақтандыру, микроқаржы салаларындағы заңнама нормаларына, коллекторлық агенттіктер мен кредиттік бюролардың қызметіне, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына жан-жақты түсіндірмелер береді. Қажет болған жағдайда қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері қарыз алушылар үшін банктердің, МҚҰ немесе қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездесулер ұйымдастыра алады. 
Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс уақыты – дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін және сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін. 
Тұтынушылар сонымен қатар Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы Қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткізетін азаматтардың жеке қабылдауына жазыла алады. Өтініш берушілерді жеке қабылдау кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/article/details/15240?lang=ru.
Агенттіктің Қоғамдық қабылдау бөлмесіне қалай жазылуға болады?
Ол үшін:
- Yermek.Utemisov@finreg.kz электрондық мекенжайына өзінің аты-жөнін, ЖСН, байланыс деректерін, ұйымның толық атауын, өтініштің қысқаша сипаттамасын жіберу керек және міндетті түрде «Азаматтарды қабылдауға жазылу» тақырыбын көрсетуі немесе осы ақпаратты қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкеріне ауызша хабарлауы қажет;
- портал арқылы ресми өтініш беру egov.kz, «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы немесе жазбаша түрде: А15с9т5, Алматы қ., Көктем-3 шағынауданы, 21 үй мекенжайы бойынша. 
Өңірлердің тұрғындары тұрғылықты жері бойынша Агенттіктің Өңірлік өкілдер басқармаларына жүгіне алады.  
Өтініш берушінің мәселенің мәні баяндалмаған қабылдау туралы өтініші қараусыз қалдырылады. 
Қосымша кеңес алу үшін Агенттікке «1459» нөмірі бойынша (жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін) немесе «Fingramota Online» мобильдік қосымшасы арқылы хабарласа аласыз.

Категория: