Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Компьютерлік техникалар туралы мәлімет

Автор: admin от 20-11-2020, 15:25, посмотрело: 669

0

Мектептегі жалпы компьютер саны – 397

Ауыстыруды қажет ететін компьютер саны - 58

Интернет жылдамдығы - >10Мбит/с

Интерактивті тақта саны -9.

1 компьютерге келетін оқушы саны-3,9

Соңғы 5 жылда алынған компьютер саны




Категория:

 

«Дұрыс тамақтанып, салауатты өмір сүр!» атты тренингтің Хаттамасы № 1

Автор: admin от 18-11-2020, 08:44, посмотрело: 316

0
«М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өткізілген   «Дұрыс тамақтанып, салауатты өмір сүр!» атты тренингтің  
Хаттамасы  № 1

Күні:    қараша 2020 жыл
Түрі: ON-LAIN режим, ZOOM платформасы
Қатысқаны: Мектеп ұжымы – 20,  6-7 сынып оқушылары

Күн тәртібінде:  «Дұрыс тамақтанып, салауатты өмір сүр!» атты тренинг-семинар
«Ұлттық салауатты тағамтану орталығының» қызметкері Г.Е.Садақбаева, Ж.Мәтібек
Тыңдалды: 
        Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің тапсырысы бойынша дәрістік жолдамамен келген «Ұлттық салауатты тағамтану орталығының» қызметкері Г.Е.Садақбаева, Ж.Мәтібек мектеп-гимназияның 6-7 сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтанып, салауатты өмір сүр!» атты тренинг-семинар ұйымдастырып, тамақтың зиянды жағы мен пайдалы жағына пікір таластырып, өзара ой бөлісті. «Тамақтанудың пайдалы және зиянды жақтары» тақырыбында оқушыларға плакаттар жарысын өткізді. Қашықтықтан өткізілген семинарға балалардың қызығушылығы артып, белсенділік танытты. Оқушылар тарапынан қойылған белсенді сұрақтарға қонымды жауаптар алынып, семинар тартымды өтті. Тренинг соңында жеңген топтарға жадынамалар беріліп, жеңімпаздар анықталды. 
Жиналыс барысында кері байланыс орнатылды.
Шешім:
  1. Мектеп-гимназия  бойынша дұрыс тамақтану бойынша кездесу, семинарлар тоқсан сайын ұйымдастырылып, өткізілсін.
  2. Оқушылармен атқарылатын тәрбие жұмыстары сынып жетекшілер мен ата-аналарға міндеттелінсін.
  3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау ДТІЖО А.Қожекеноваға жүктелсін.
     Жиналыс төрайымы:                           ДТІЖО А.А.Қожекенова
     Хатшы:                                              В.Маликова

Категория:

 

Әдістемелік вебинарлар

Автор: admin от 12-11-2020, 15:03, посмотрело: 431

0
«М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясында күзгі каникул шаралары кезінде директордың әдістемелік іс жөніндегі орынбасары Б.Б.Сыдықованың ұйымдастыруымен  9-12 қараша күндері ZOOM платформасында әдістемелік вебинарлар өткізілді. Вебинар барысында әдістемелік бірлестіктер бойынша төмендегі мұғалімдер қазіргі пандемия мерзіміндегі қашықтықтан оқыту  бойынша әріптестерімен өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. 

1. Қазақ тілі. Қашықтықтан оқыту барысында оқылым дағдыларын дамытудағы болжай білу əдісінің тиімділігі.  Сарсенбаева А.Н.
2. Орыс тілі. Дистанционное обучение:плюсы и минусы. Ишмухамедова С.
3. Ағылшын тілі. Қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың дидактикалық мүмкіндіктері. Сейсембаева С. Ж
4.Тарих.  «Тарих пәнінен қашықтықтанОқытудағы ерекшеліктер». Маликова В.М.
5. Өзін-өзі тану.  «Қашықтықтан оқыту   кезінде   өзін-өзі тану пәнін оқытудағы тиімді әдістер» Аталықова Ж.О.
6.Психология.  «Қашықтықтан оқыту кезінде оқушыларға психологиялық қолдау көрсету» Шаяхметова А.Ә.
7. Логопед. «Қашықтықтан оқытуға байланысты тіл кемістігі бар оқушылармен жұмыс» Көркем Шынар
8. Химия. Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушының пәнге қызығушылығын арттыру. Керімбекова Б.Е.
 9. Биология.Білім беру платформалары арқылы жиынтық бағалаудың әдіс-тәсілдерін  жетілдіру. Бижігітова А.Е.
10. География. Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың тиімді топтық жұмысын ұйымдастыру жолдары. Кунафин Д.Ә.
11. Физика. Қашықтықтан оқыту кезінде БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын тексеру жолдары. Тұрғанбаева М.Е
12. Информатика. Информатика пәнін қашықтықтан оқытудағы тиімді әдістер. 
13. Математика. Қашыктықтан окыту барысында жаңаша окыту идеяларын ендіру тәсілдері. Байрахымова А.
14.  Бастауыш сынып.Қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді кері байланыс беру жолдары. Смак А.Ж.
15. Бастауыш сыныпта қашықтықтан оқытудың бүгінгі күнгі ерекшеліктері. Улдаханова Г.Е.
16. Дене шынықтыру. Дене шынықтыру пәнін қашықтықтан оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер. Нысанғалиев А.
17. Музыка.Қашықтықтан оқыту кезінде музыка пәнін оқытуды ұйымдастырудың формалары. Мұқашова Ә.С.
18. Көркем еңбек. Перспектива заңдылығы. Нұрғожин Қ.
Ұстаздар вебинардан өздеріне қажетті материалдар, сұрақтарға жауап алды және  тәжірибелерін көрсетіп, өзара белсенді жұмыс жасады. 

Категория:

 

«Қашықтықтан оқытуда білім алушылардың белсенділігін арттыру» тақырыбындағы вебинар

Автор: admin от 10-11-2020, 23:03, посмотрело: 329

0 «М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп -гимназиясы МДШО» КММ мектепішілік жоспарға сәйкес, мектеп координаторы Шаужанова Нұржанат Балатұрсынқызы бастауыш, қазақ тілі, тарих, ағылшын, орыс тілі, математика, жаратылыстану бірлестік мүшелерімен  zoom   платформасында «Қашықтықтан оқытуда білім алушылардың белсенділігін арттыру» тақырыбында вебинар өткізді. 
Вебинардың мақсаты: қатысушыларға қашықтықтан  оқыту барысына әдістемелік көмек көрсету. 
Бастауыш сынып мұғалімі Қашқынбаева М.Е. «Қашықтықтан оқыту кезінде қалыптастырушы  бағалаудың балдық жүйесін қолдану жолдары» аясында өз шебер- сыныбымен  бөлісті.Қалыптастырушы бағалау күнделікті сабақтың өн бойында жүріп отыратындықтан, берілетін тапсырмалар да критерийлерге негізделіп, 10 балдық жүйеге құрылатындығын дәлелді түрде айтып өтті. 
  Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің жетекшісі Елеусізова Б.Т. «Қашықтықтан оқыту барысында білім алушылардың тыңдалым дағдыларын дамытудың тиімді жолдары» тақырыбында өз шебер-сыныбымен практикалық тұрғыда ой бөлісті. Күнделікті сабағында қолданып жүрген белсенді әдіс- тәсілдерінен дәлелді мысалдар келтірді. «Жүгіртпе сөздер», «Сұрақ қоя білу» тәсілі, «Төрт сөйлем» тәсілі, «Болжай білу» әдістері бойынша әріптестерге де тапсырма беріп беріп, іс жүзінде орындап көрулеріне мүмкіндік берді.
 Вебинар барысында әр әріптес өздеріне  әдістемелік қолдау көрсеткен мектеп координаторы Шаужанова Нұржанат Балатұрсынқызы  мен шебер-сыныбымен ой бөліскен әріптестерге шексіз алғыстарын білдірді.

Категория:

 

Хаттамасы № 2 . 2020-2021 оқу жылы

Автор: admin от 10-11-2020, 08:38, посмотрело: 609

0
«М.Жұмабаев атындағы № 19 орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпыға бірдей міндетті білім беру қорын бөлу комиссиясы отырысының кезектен тыс жиналысының 
Хаттамасы  № 2 

Күні:  10.11.2021 ж. 
Комиссия отырысына қатысқандар: 
Комиссия төрағасы:   Сарқытов Қ.Т. –  мектеп директоры 
Мүшелері:  
  1. А.А.Қожекенова – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
  2. Н.Шаужанова – директордың ОТІЖ орынбасары
  3. Л.К.Каримова – қамқоршылық кеңесінің төрайымы 
  4. А.Шаяхметова – кәсіподақ төрайымы
  5. Ж.Турсынова – әлеуметтік педагог
  6. Ж.Дауренбекова - бухгалтер
Күн тәртібінде:
  1. Мектеп-гимназия бойынша аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларын Талдықорған әкімінің жаңа жылдық кешіне жіберу туралы.                                                             
ДТІЖО:  А.А.Қожекенова
  1. Әр түрлі мәселелер.
Тыңдалды: 
    Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша комиссия төрағасы Сарқытов Қ.Т. өз сөзінде: Талдықорған қаласы әкімінің жаңа жылдық кешіне бару туралы білім бөлімінің хатымен таныстырды. Хат барысында айтылғандай мектеп-гимназия бойынша әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасы балаларының арасынан 8 оқушы бару керектігін нақтылап айтып, талқылауға қарауды ұсынды.  
ДТІЖО А.Қожекенова сөз алды: 2021 жылдың 10 қарашасы бойынша 8 оқушының аты-жөнін оқып, Талдықорған қаласы білім бөлімінің қамқорлық секторы бөліміне сұраныс беретінін айтты.(Тізімі қосымшада)
  Бүгін сіздерге сондай оқушылардың тізімін және құжаттарын дайындап әкелдік, енді соларды жеке-жеке қарап шықсаңыздар. Ата-аналар мен сынып жетекшілері жалпы білім беру қорынан материалдық көмек алу үшін ережеде көрсетілген барлық құжаттарды жинап әкелді.  
Жиналысқа қатысқан комиссия мүшелері сынып жетекшілері мен ата-аналардың өтініші бойынша жинаған құжаттарын жеке-жеке қарап, танысып,  өз шешімдерін бір ауыздан келісіп, шешті.  (Тізім қосымша тіркелді). 
Ұсыныс бірауыздан қабылданып, шешім шығарды.
Шешім:  
  1. 2021жылдың желтоқсан айында ІІІ-ІY кварталына ЖБМББ қорынан күнкөрісі төмен және көпбалалы отбасынан шыққан, жетім және қамқорлықтағы 92 балаға спорттық ткиім мен аяқ киім, рюкзак, оқу құралдарын алу үшін бөлінген қаражатқа материалдық көмек көрсетілсін.
  2. Ата-аналардың өтініштері бойынша ЖБМББҚ комиссиясы бекіткен оқушылардың тізімі жасалынып, бекітілсін. 
  3. ЖБМББ қорынан бөлінген қаржы бойынша келген спорттық киімдердің дұрыс таратылуын комиссия мүшелері тарапынан қатаң қадағалансын.
  4.  Осы шешімнің дұрыс орындалуын қадағалау ДТІЖО А.А.Қожекеноваға жүктелсін.
                Комиссия  төрағасы :                                   Сарқытов Қ.Т.
                 Хатшы:                                                     Маликова В.К.

Категория: