Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«ЖАС ҰЛАН» МЕН «ЖАС ҚЫРАН» БІРІҢҒАЙ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНА САЛТАНАТТЫ ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ

Автор: admin от 3-12-2020, 17:40, посмотрело: 211

0


                             

«Жас Ұлан» мен «Жас қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының МАҚАСАТЫ


Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.


«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының

МІНДЕТІ:

Қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.


«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы жұмысының 7 бағыты:

  1. Зерде
  2. Руханият
  3. Атамекен
  4. Салауат
  5. Еңбек
  6. Жеті жарғы
  7. Эко әлем


«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы 

АНТЫ:


Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
 Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
 Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
 Ата-анамды қадірлеуге;
 Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
 Білімге табандылықпен ұмтылуға;
 Салауатты өмір салтын ұстануға;
 Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ!


«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының 

АНТЫ:

Біз, «Жас Ұлан» ұйымына кіре отырып,

Қазақстан Республикасының патриоты болуға; 

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге; 

Туған еліміз, жеріміз, Отанымызды мақтаныш етуге; 

Ата-анамызды қадірлеп; Үлкенге - құрмет, кішіге ізет көрсетуге; Оқуда озат, еңбекте адал болуға; 

Салауатты өмір салтын ұстануға; Табиғатты аялауға;

Тәуелсіз еліміздің білімді, жігерлі, парасатты, отансүйгіш азаматы болуға

АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ!



Жас ұландар әні
 Әні мен сөзін жазған Ұ. Ж. Жаналиева


 Біз ұланы қазақ елінің
 Туған жерін, сүйген Отанын.
 
Әке жолын,  ана мейірімін,
 Бойға жиған қасиетін.
 Қайырмасы:
 Жас ұлан, қалыспа!
 Қырандай қарышта.
 Еліміздің абройын
 Асқақтатып әлемге
 Нық ұстайық байрағын!


 Көп білуге ұмтыламыз
 Өнер, білім, ғылымға.
 Кеудемізде ар мен намыс
 Жетелейді бізді алға.
 Қайырмасы:
 Жас ұлан, қалыспа !
 Қырандай қарышта.
 Еліміздің абройын   
 Асқақтатып әлемге
 Нық ұстайық байрағын

Категория: