Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Облыстық ғылыми-әдістемелік семинар

Автор: admin от 28-11-2019, 16:01, посмотрело: 468

0 Біздің мектебіміз екі жылдан бері «Өрлеу» «БА¥0» АҚ, филиалы Алматы облысы бойынша педагог
кызметкерлердің біліктілігін арттыру институтындағы «Рухани жаңғыру-
мектеп окушыларының ғылыми ізденістерін ұлттық құндылықтар аясында әлеуметтендіру негізі» тақырыбындағы ғылыми эксперимент тобында бірлесіп жұмыс жасайды. Осы ғылыми эксперименттің 2019 жылғы жоспарына сәйкес «Оқушылар мен пән мұғалімдерінің ғылыми
Ізденістері - жаңартылған білім беру мазмұнының маңызды шарты» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.
Аудандар мен қала мектептерінен ұстаздар шақырылып, тәжірибе алмасты.
Ғылыми тақырыптары бойынша ұстаздар авторлық бағдарламаларын таныстырып, ашық сабақтар өткізді.
Ал оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын қорғады.
" Руханият этнопедагогикалық ғылыми орталығы" ашылды.


Категория:

 

БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КОНВЕНЦИЯҒА 30 ЖЫЛ

Автор: admin от 20-11-2019, 16:12, посмотрело: 400

0
2019 жыл - БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясының 30 жылдығы мен Қазақстан Республикасының ратификациялауының 25 жылдығы.
Балалардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған саясатты іске асырудағы маңызды қадам біздің еліміздің 1994 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев қол қойған ТҰҢҒЫШ халықаралық құжат - Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын ратификациялауы болды.
Конвенция - бұл бірегей Халықаралық Балалар Конституциясы. Ол бала құқықтарының тізімі ғана емес, ең алдымен, мемлекет балалардың экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін өзіне жүктеген міндеттемелерін білдіреді.
Конвенция әлемнің 195 мемлекетімен ратификацияланған.
Осындай атаулы күнге байланысты мектебімізде түрлі іс-шаралар мен сынып сағаттары өткізілуде.

Категория: