Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорын бөлу комиссиясы отырысының Хаттамасы № 2

Автор: admin от 16-10-2020, 08:41, посмотрело: 188

0
«М.Жұмабаев атындағы № 19 орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпыға бірдей міндетті білім беру қорын бөлу комиссиясы отырысының
Хаттамасы  № 2

Күні:  16.10.2020 ж. 
Комиссия отырысына қатысқандар: 
Комиссия төрағасы:   Сарқытов Қ.Т. –  мектеп директоры 
Мүшелері:  
  1. А.А.Қожекенова – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
  2. Л.К.Каримова – қамқоршылық кеңесінің төрайымы
  1. М.Ибраева – мектептің фельдшері 
  2. А.А.Шаяхметова – кәсіподақ төрайымы
  3. Н.Шаужанова – директордың ОТІЖ орынбасары 
  4. Т.М.Әдібай – әлеуметтік педагог
Күн тәртібінде:
  1. Жалпыға бірдей міндетті білім беру оқу қорынан 2017-2018 оқу жылының ІІІ-ІY кварталына бөлінген күнкөрісі төмен және көпбалалы отбасынан шыққан, жетім және қамқорлыққа алынған оқушыларға қыстық киім, аяқ киіммен материалдық  көмек беру туралы.  ДТІЖО: А.А.Қожекенова
  2. Ата-аналдардың өтініштері мен талап-тілегі бойынша материалдық көмек алатын оқушыларды ата-аналар жиналыстарында талқылап, құжаттарын реттеп, тізімін бекіту.  1-11 сынып жетекшілері
Тыңдалды: 
    Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша комиссия төрағасы Сарқытов Қ.Т. өз сөзінде: мектеп-гимназия бойынша әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасы балаларына толық көмек көрсетуіміз керек. Қолдан келетін бар мүмкіндікті пайдаланып, жағдай жасауға ұмтылып, жұмыс істеуге  шақырды. Тексеру комиссиясы  дұрыс таратылуын қадағалауды қатаң ескертті.                                                                
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ДТІЖО А.Қожекенова сөз алды: 2017 жылдың ІІІ-ІY кварталына әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және қамқорлықтағы оқушыларға қыстық киім(куртка), аяқ киім алу үшін қалалық білім бөлімінің бухгалтериясына сұраныс берілді.  Қаражатты күнкөрісі төмен және көпбалалы отбасынан шыққан, жетім және қамқорлықтағы оқушыларға қыстық киімдері мен аяқ киім алуға жұмсағаны дұрыс болды, бірақ бала саны былтырғыдан төмен.  Бүгін сіздерге сондай оқушылардың тізімін және құжаттарын дайындап әкелдік, енді соларды жеке-жеке қарап шықсаңыздар. Ата-аналар мен сынып жетекшілері жалпы білім беру қорынан материалдық көмек алу үшін ережеде көрсетілген барлық құжаттарды жинап әкелді.  
Жиналысқа қатысқан комиссия мүшелері сынып жетекшілері мен ата-аналардың өтініші бойынша жинаған құжаттарын жеке-жеке қарап, танысып,  өз шешімдерін бір ауыздан келісіп, шешті.  (Тізім қосымша тіркелді). 
Ұсыныс бірауыздан қабылданды.
Осы тізім бойынша киім келсе қосымша хабарланады.
Шешім:  
  1. 2017 жылдың ІІІ-ІY кварталына ЖБМББ қорынан күнкөрісі төмен және көпбалалы отбасынан шыққан, жетім және қамқорлықтағы 42 балаға қыстық киім, аяқ киім алу үшін бөлінген қаражатқа материалдық көмек көрсетілсін.
  2. Ата-аналардың өтініштері бойынша ЖБМББҚ комиссиясы бекіткен оқушылардың тізімі жасалынып, бекітілсін. 
  3. ЖБМББ қорынан бөлінген қаржы бойынша келген қыстық киімдердің дұрыс таратылуын комиссия мүшелері тарапынан қатаң қадағалансын.
  4.  Осы шешімнің дұрыс орындалуын қадағалау ДТІЖО А.А.Қожекеноваға жүктелсін.
                Комиссия  төрағасы :                 Сарқытов Қ.Т.
                Хатшы:                                    Шаужанова Н.Б.

Категория: