Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"Үздік флипчарт" байқауы

Автор: admin от 30-05-2018, 00:18, посмотрело: 481

1
Мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ерденбекова Асель Советханқызы  "Үздік флипчарт" байқауында 2 орынға ие болды. 

 


Категория:

 

"Жыл мұғалімі-2018" байқауы

Автор: admin от 30-05-2018, 00:11, посмотрело: 543

1

Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сағындыкова Айман Болатқызы "Жыл мұғалімі-2018" байқауына қатысып ІІІ орынға ие болды. Айман Болатқызы 10 "Ә" сыныбының жетекшісі, 3 баланың анасы, аяулы жар ғана емес, қолынан іс келетін сүйкімді де сыпайы әріптес. Әріптестерінің арасында зор құрметке ие.
Құрметті Айман Болаткызы! Сізді жеңісіңізбен құттықтаймыз!


 



Категория:

 

«Қауіпсіз интернет»

Автор: admin от 30-05-2018, 00:08, посмотрело: 1212

0

М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы 2018 жылдың 10 – 14 мамыр аралығында «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық компанияның іс-шара жоспары бойынша атқарылатын жұмыс жоспары құрылып, іш-шаралар атқарылды.

Кәмелетке жасы толмағандардың, педагогтер мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін үйрету, Интернетке кіру белсенділігін бақылау мақсатында ата-аналар мен оқушылар үшін «Кел балалар оқылық!» тақырыптық стендісі жаңартылып, безендірілді. 7-9 сынып оқушыларына «Интернетте қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етуге болады?» атты бірлескен семинары өз деңгейінде ұйымдастырылды. Сонымен қатар баланың денсаулығына зиян келтіретін әлеуметтік желілердің теріс ықпалынан қорғау мақсатында Информатика пәнінің мұғалімдері М. Жақанова мен Ж. Хамитова 5-11 сынып оқушылармыен «Қауіпсіз интернет» тақырыбында сынып сағаттарын өткізіп, мектеп кітапханасында «Интернет орнынан кітап» біркүндік акциясы ұйымдастырылды. 3 – сынып жетекшілері оқушыларынан диктант алынды.


 



Категория:

 

Ұлы Отан соғысы жеңісінің 73 жылдығы

Автор: admin от 30-05-2018, 00:03, посмотрело: 685

0

2018 жылдың 11 мамыр күні мектебімізде Ұлы Отан соғысы жеңісінің 73 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 26 жыл толуына арналған мектепішілік 10 сыныптар арасында әскери саптық байқауы өтті. Байқауды ұйымдастырушы – алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Алибаев Нұрдаулет Дәулетбекұлы. Байқаудың бас төрешісі және қонағы болып қалалық алғашқы әскери дайындық пән бірлестігінің жетекшісі, М.Ломоносов атындағы №5 мектеп-лицейінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Айтбаев Бауыржан Б.Т. қатысты. Байқау 5 кезеңнен тұрды.

Байқау қорытындысы бойынша командалық 1-ші орынға 10 «А» сыныбы ие болды.

Сынып жетекшісі: Шарипова С.С.

10 «Б» сыныбы – ІІ орын, сынып жетекшісі –Сұлтанова Р.М.

10 «Ә» сыныбы ІІІ орын, сынып жетекшісі – Сағындықова А.Б.

Жекелеген жарыстар бойынша Мырзатаева Айым, 10 «А» сыныбы - «Үздік мерген қыз»,

Абдурахманов Бибол, 10 «Ә» сыныбы - «Үздік командир», «Үздік мерген ұл»,

Рысбек Әлібек, 10 «А» сыныбы – «Автоматты бөлшектеп жинаудан»,

Беимбетова Медина, 10 «Б» сыныбы - – «Автоматты бөлшектеп жинаудан»,

10 «А» сыныбы –«Үздік саптық ән», 10 «Б» - «Алғашы медициналық көмек» номинацияларымен марапатталды.

Категория:

 

«М. Жұмабаев атындағы №19 орта-мектеп гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ е-gov мемлекеттік қызмет алу бойынша АҚПАРАТ

Автор: admin от 29-05-2018, 23:55, посмотрело: 610

1

ҚР мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы нұсқауларға сәйкес, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетуді халық арасында танымал ету мақсатында 2018 жылдың ақпан айынан бастап «Өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істей бастады. Мектебімізідің ұстаздары ХҚК орталығынан 100 пайыз электрондық кілт алып, қолданып жүр.

Мектептегі 50 мұғалім және 50 оқушы «Алматы облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастырылуымен «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында компьютерлік сауаттылықты оқыту курстарын өтіп, сертификаттарға ие болды.

Мұғалімдерге, қызметкерлерге е-gov порталы арқылы өздеріне қажетті анықтамаларды кез келген уақытта алуға мүмкіндік бар.


 


 

Категория:

 

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Автор: admin от 25-05-2018, 15:31, посмотрело: 700

0
Мектебімізде соңғы қоңырау соғылып, оқушылар сыныптан-сыныпқа аттады. Түлектер мектебімен қоштасудың сәтін асыға күтсе де, мектебін қимайтыны көрініп тұрды. Ата-аналар мектеп ұжымына өз ризашылықтарын білдіріп жатты. Мектеп түлетерін алда әлі қорытынды аттестатау емтихандары мен ҰБТ сынағы күтіп тұр. Сәт-сапар, қымбатты түлектер! Жолдарыңыз болсын!

 

 

 


Категория: