Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 

«Жыл мұғалімі-2023» байқауы

Автор: admin от 30-03-2023, 17:22, посмотрело: 60

0 «М.Жұмабаев атындағы №19 ОМГ МДШО» КММ наурыздың 24-і күні мектепішілік «Жыл мұғалімі-2023» байқауы өткізілді.
Байқау кезеңдері:
І.Өзін-өзі таныстыру, жұмыс моделі (TED форматта) – 5-7 минут
ІІ.Ықшам сабақтар үлгісі- 7-8 минут
ІІІ. Е-Портфолио – (алдын ала берілген)
Байқауға барлығы 8 мұғалім қатысып, үш кезеңінің қорытындысы бойынша Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындармен және номинациялармен марапатталды.
Жүлделі орын иеленген ұстаздарға қалалық кезеңнің байқауларына қатысуға жолдама берілді.

Категория:

 

1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ

Автор: admin от 30-03-2023, 15:54, посмотрело: 94

0

1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА!!!

         

Құрметті ата-аналар 2023 жылдың 3 сәуірінен бастап Талдықорған  қаласының «М.Жұмабаев атындағы 

№ 19 орта мекеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде

1 сыныбына қабылдау басталатынын хабарлаймыз.

1 сыныпқа қабылдау ағымдағы жылдың 3 сәуірінен 

1 тамызға дейін жүргізіледі. Мектепке алты жасқа толған және осы жылы  6 жасқа толатын балалар қабылданады. Құжаттар  es.e-zhetysu.kz электрондық мектеп»    арқылы электрондық форматта қабылданады.

(Интернет арқылы өтініш бере алмайтын ата-аналар үшін мектепте компьютер және сканермен жабдықталған өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған)

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Ата-ананың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
  2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  3. «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны,профилактикалық егу картасы 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжаттар; 
  4. Баланың 3х4 көлеміндегі 2 фото.

Мекен жайы: Талдықорған қаласы, Мүшелтой ш/а 14.

Байланыс телефоны: 87282 25-44-52, ұялы телефон: 87003733797.

Категория:

 

Сайлауға бар да көже іш

Автор: admin от 19-03-2023, 03:11, посмотрело: 29

0 Бүгінгі саяси додадан қалыс қалмай, өз таңдауларын жасауға келген әрбір жанға наурыз көже ұсынылды. Қараталдық еріктілер көктемгі жаңару мерекесі қарсаңында болған сайлау науқанында үлкен мән барын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.


Мұхтар КҮМІСБЕК

Көпшілік бір-бірін мерекелерімен құттықтап, жуық арада «Көрісу күні» өткенін, алда әз-Наурыз мейрамы екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ аудан халқы барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірігіп, жұдырықтай жұмылса, еліміздің өркендей түсеріне сенім білдірді.

Сайлау учаскелерінде аудан өнерпаздары өз өнерлерін паш етіп, барша халыққа ерекше көңіл күй сыйлап жатыр. Күмбірлеген күй, әсем ән, әдемі жыр, бәрі-бәрі халыққа арналды. Көпшілік өз таңдауларын жасағаннан кейін, үйлеріне асықпастан әншілердің өнерлерін тамашалады. Олар сайлауда өз дауыстарын бергендері арқылы болашағымызға ықпал еткендеріне сенімді.

Наурыз көжеден ауыз тиген жастар жағы үлкендерден көженің дайындалу жолын сұрастырып, пайдалы мағлұматқа қанығып қайтты.
Сайлауға бар да көже іш

Категория: ---

 

Жетісудың ең қарт анасы өз дауысын берді

Автор: admin от 19-03-2023, 03:09, посмотрело: 28

0 Сарқан ауданында 112 жастағы Белдеубай‌қызы Алтынхан апамыз сайлаудан тысқары қалмай өз дауысын берді.

Ауданымыздың кейуанасы жасы жүзден асқан Алтынхан апамыз ақ батасын беріп, сайлаудың келешегіміз үшін маңызды екендігін айтып, елдің, жердің тыныштығын тіледі.

«Осындай бейбіт күнді халқымыз көп аңсады. Сол ортақ тәуелсіздікті бағалауымыз керек. Менің жасым жүзден асып кетсе де, ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін, сайлауға әр азаматтың баруы міндет. Еліміздің болашағы шешілетін күн, оған бей‌жай қарамаған жөн. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әр отбасыға береке-бірлік тілеймін», – деді қарт анамыз.
Жетісудың ең қарт анасы өз дауысын берді

Категория: ---

 

Жетісу облысында бір мезгілде Мемлекеттік Ту шеруімен велошабандоздар сайлауға барды

Автор: admin от 19-03-2023, 03:08, посмотрело: 37

0 Бүгін Текелі қаласындағы №445 сайлау учаскесінде жастар патриоттық рухты көтеріп, өз таңдауларын жасады. Олар дауыс беру кезінде қаланың ортасымен әрқайсысы туды көтеріп, көше бойымен жүріп өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Олар қазақстандықтарды өз таңдауларын жасауға шақырды.

«Мемлекеттік Туға қарап, елім, жерім дейтін ұрпақтың намысы оянып, жүрегіне патриоттық сезім ұялары сөзсіз. Біз жастарымызға үлгі-өнеге көрсету мақсатында бір мезгілде көк Туымызды желбіретіп, дауыс беруге келдік. Барша жерлестерімізді таңдауларын жасауға шақырамыз» – деді шеруді ұйымдастырушы Ынтымақ Әленбек.
Жетісу облысында бір мезгілде Мемлекеттік Ту шеруімен велошабандоздар сайлауға барды

Категория: ---

 

Жетісу облысының сайлау учаскелері

Автор: admin от 18-03-2023, 20:51, посмотрело: 63

0 Жетісу облысының сайлау учаскелері сақадай сай
Бүгін еліміздің ең маңызды саяси науқаны – Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы басталды. Жетісу өңірінің сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығына келсек:
-Облыс бойынша сайлау учаскелерінің саны 458. Олардың барлығында дауыс беруге арналған жәшіктер бар, дауыс беруге арналған кабиналардың қажетті санымен, жиҺазбен, ұйымдастыру техникасымен, кеңсе керек-жарақтарымен жабдықталған.
418 учаскелерде мүгедектігі бар адамдарға арналған бұрыштар жабдықталған.
Нашар көретін сайлаушыларға арналған аудиоматериалдар мен трафареттер дайындалды.
Дауыс беруге арналған үй-жайлар қажетті ақпараттық материалдармен жабдықталған.
- Сайлау комиссияларының қаулыларымен тізімге енгізілген сайлаушылардың бәрі дауыс берсе, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін 38 учаскелер анықталды. Бұл – Конституциялық заңның 38-бабының 3-тармағына сәйкес емдеу мекемелеріндегі, әскери бөлімдердегі, сондай-ақ шалғай аудандарда орналасқан сайлау учаскелері.
4 сайлау учаскелерінде дауыс беру таңғы 6.00-ден басталады (өнеркәсіптік кәсіпорындардың ауысымдық жұмыс кестесіне байланысты).
3. Сайлаушылар дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар етілді.
Оның ішінде сайлау учаскелерінің мекенжайлары, дауыс беру уақыты мен орны көрсетілген дауыс беруге шақыру қағаздары 443 788 дайындалып, сайлаушыларға табысталды. Сондай-ақ көп қабатты үйлерге орналастыру үшін 6 250 ұқсас ақпараттық плакаттар дайындалды.
- Жалпы 6168 сенімді тұлға тіркелді, оның ішінде бір мандатты сайлау округтері бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарынан 2752.
бір мандатты сайлау округтері бойынша Жетісу облыстық мәслихатына сенім білдірген саны 669.
Жетісу облысы аудандары мен қалаларының мәслихатынтарын сайлауына сенім білдірген саны 1187.
саяси партиялардан сенім білдірген саны 1560.
- Бүгінгі таңда сайлаушылардың өтініштері бойынша 486 дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі берілді (есептен шығару куәліктерін беру 18 наурызда 18-де аяқталады).
- Дауыс беруге арналган бюллетеньдер белгіленген мөлшерде учаскелік комиссияларға жеткізілді және ішкі істер органдарының күзетінде орналасқан.
Облыс учаскелері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беруді өткізуге дайын.
Жетісу облысының сайлау учаскелері

Категория:

 

В области Жетісу начались выборы в депутаты Мажилиса Парламента РК и маслихатов всех уровней

Автор: admin от 18-03-2023, 20:51, посмотрело: 44

0 В области Жетісу начались выборы в депутаты Мажилиса Парламента РК и маслихатов всех уровней

Всего по итогам регистрации в области Жетісу было зарегистрировано 538 кандидатов в депутаты.
В настоящее время в Мажилиса Парламента РК одномандатного округа № 17 по области Жетісу – 13 кандидатов. Из них: 1 – кандидат от партии" Аманат", остальные 12 - кандидаты самовыдвиженцы.
По партийным спискам 5 политических партий по выборам депутатов областного маслихата зарегистрировано 58 кандидата. В нем:
Партия "Аманат" (34 кандидата),
Партия "НПК" (6 кандидатов),
Партия "Ауыл" (8 кандидатов),
Партия "Республика" (2 кандидата),
Партия "Акжол" (8 кандидатов).
По одномандатным территориальным избирательным округам в области Жетісу:
52 кандидата в областной маслихат по 16 округам;
85 кандидатов в городские маслихаты по 29 округам;
317 кандидат в районные маслихаты по 107 округам.

Категория:

 

Бүгін елімізде Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өтуде.

Автор: admin от 18-03-2023, 20:48, посмотрело: 28

0 Бүгін елімізде Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өтуде.
Өз таңдауын жасауға алғашқылардың бірі болып 39 сайлау учаскесіне таңдау жасауға келген жақында 18 жасқа толған Дәулетқызы Әмина өз дауысын берді.
"Бұл күннің менің өмірімде алар орны ерекше. Бүгін ел ертеңі үшін өз таңдауымды жасап, келешекке қарай нық қадам бастым деседе болады" - дейді сайлаушы.

Сайлау учаскелеріне алғашқы болып келіп, дауыс бергендерге естелік сыйлықтар табысталды.
Жалпы ауданда 44 сайлау учаскесі бар, таңғы сағат 7:00 бастап өз жұмысын бастады. Ауданда 7000 жуық жастар бар.
Бүгін елімізде Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өтуде.

Категория: ---

 
 
Назад Вперед