Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ғани Бейсембаев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан педагогтерге алғысын білдірді

Автор: admin от 30-04-2024, 10:56, посмотрело: 6

0 Ғани Бейсембаев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан педагогтерге алғысын білдірді

? Гани Бейсембаев выразил благодарность педагогам, принимавших участие в противопаводковых мероприятиях

«Төтенше жағдайлар кезінде эвакуациялық пунктерде балалар мен тұрғындарға психологиялық көмек көрсеткен 400 ден астам мектеп психологтарымен, өз міндеттерін атқара жүріп, келген қиындықты елмен бірге еңсеруге қатысқан 29 мыңнан астам педагогтер мен білім саласы қызметкерлерінің өлшеусіз еңбектерін ерекше атап өткім келеді.

Мәселен, Маңғыстау облысының педагогтері Атырау облысынан келген отбасыларды өз үйлерінде қабылдап, ұйымшылдықтың ерекше үлгісін көрсетті. Ақмола облысындағы әріптестеріміз арнайы мектеп интернатының тәрбиеленушілерін өз үйлеріне орналастырып, қамқорлыққа алды.

Әсіресе, Қостанай облысы, Алтынсарин ауылында орналасқан мектеп ұжымы елді мекенге қарғын су кірген шақта ең алдымен мектепті қорғап қалды.  Педагогтеріміздің бұл қаракеті – үлкен ерлік пен шынайы азаматтықтың белгісі.

«Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта» деген.
Еліміздің білім беру жүйесінде өздеріңіздей жауапкершілігі жоғары, білікті мамандардың болғанын мақтан тұтамын, әрі баршаңызға оқу ағарту министрлігі мен жеке өз атымнан ерекше ықыласты ризашылығымды білдіремін!»


Категория: Бейнежазбалар

 
 
 

Бүгін Жетісу облысы бойынша өңір тұрғындары, экоактивистер, еріктілер, мемлекеттік, білім беру, медициналық мекемелер мен басқа да ұйым қызметкерлерінің қатысуымен республикалық сенбілік өткізілді.

Автор: admin от 27-04-2024, 10:31, посмотрело: 5

0 Бүгін Жетісу облысы бойынша өңір тұрғындары, экоактивистер, еріктілер, мемлекеттік, білім беру, медициналық мекемелер мен басқа да ұйым қызметкерлерінің қатысуымен республикалық сенбілік өткізілді.
Жетісу облысының орталығында, Талдықорған қаласында Қаратал өзенінің бойында ұзындығы 5 км – ден астам өзен арнасының іргелес аумақтарын жаппай жинау жүргізілді. Шараға 2 мыңнан астам адам қатысты, 25 техника жұмылдырылып және 165 ағаш отырғызылды.

[media=https://youtube.com/shorts/s6sprbKE3xI?feature=share]

Категория: Бейнежазбалар

 
 

"Қарлығаш" шағын орталығында ата-аналарымен кездесу жүргізіліп, балаларды 1-сыныпқа қабылдау ережелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Автор: admin от 26-04-2024, 10:16, посмотрело: 5

0 "М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы МДШО" КММ-нің мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында мектепке дейінгі "Қарлығаш" шағын орталығында ата-аналарымен кездесу жүргізіліп, балаларды 1-сыныпқа қабылдау ережелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Категория: Бейнежазбалар

 
 
 
 
 
Назад Вперед