Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы

Автор: admin от 24-10-2019, 11:09, посмотрело: 960

0

«М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша

оқушылардың ыстық және қоғамдық тамақпен қамтамасыз ету барысында жүргізілген   іс-шараларға  анықтама


        2019-2020 оқу жылының   «Жалпыға бірдей міндетті білім беру айлығы»  аясында мектеп-гимназия бойынша оқушыларды ыстық және қоғамдық тамақпен қамтамасыз ету барысында   мектепішілік бұйрығы шығарылып, бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын ыстық және қоғамдық тамақпен қамтамасыз етілуі туралы,  жалпыға бірдей міндетті білім беру айлығы барысында мектеп-гимназия оқушыларын ыстық және қоғамдық тамақпен қамтамасыз етілуін қадағалау және бақылау мақсатында  мектепішілік іс-шаралар жоспары жасалынып, бекітілді. Оқушыларды  ыстық және қоғамдық тамақпен қамтамасыз етудің дер кезінде дұрыс ұйымдастырылуы мен сапасын тексеру барысында құрамы  3 адамнан тұратын бракераж комиссиясы құрылды.

Бұл комиссияның міндеттері:

  • Ас мәзірі (бағасы, әр түрлілігі)
  • Дайындалған тағамның сапасы
  • Санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы
  • Ыстық және қоғамдық тамақпен тамақтанатын оқушылар саны
  • Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы оқушыларының тізімін жасап, бекіту.

      Мектеп-гимназия асханасы 185 адамға арналған, аптасына 5 күн толық  сағат 08:00-17:00 дейін жұмыс істейді. 5  күндік   тамақтың құны орта есеппен - 375 теңге. Мектеп дәрігері дайындалған тамақтың дәмін, сапасын тексеріп, асханада жұмыс істейтін жұмысшылардың денсаулығына күнделікті бақылау жүргізіп отырады. Кешенді және ағымдағы ас мәзірлері тамақтандыру мөлшеріне сәйкес құрылып, мектеп-гимназия директорымен келісіліп,бекітілген.

  Жалпыға бірдей міндетті білім беру айлығы барысында   ата-ананың өтініші бойынша анықталған   көп балалы ,аз қамтылған,   әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 185 баланың тізімдері бойынша,

  • Қамқорлыққа алынған оқушы (жетім) - 4
  • Жартылай жетім бала саны - 16
  • Көп балалы жанұя балалары – 110
  • Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары – 34
  • Толық емес отбасы балалары – 21

оқушылар бар.

       Аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан 185 оқушының жалпыға бірдей міндетті білім беру қорының есебінен - 125 оқушы, асхананы жалға алушылар есебінен - 60 бала тегін тамақтанады, ондағы бастауыш сынып оқушылары – 103,  жоғарғы сынып оқушылары – 82.

      2019-2020  оқу жылындағы  ЖБМББ айлығы барысында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы – 100 %,  соның ішінде бастауыш сыныптардың қамтылуы – 64 %  құрайды.

       Мектеп гимназия бойынша оқушылар күнделікті ыстық тамақпен 100 % қамтылып отыр. Ата-аналар арасында туындаған сұрақтар күн тәртібіне алынып, 1-11 сынып бойынша сынып жетекшілер жеткілікті түрде ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады. Әр ай сайын сынып жетекшілер оқушылардың дұрыс  тамақтануын бақылау мониторингісін шығарылып отырылады.



Категория:

 

Қамқоршылық кеңес жұмысының есебі

Автор: admin от 1-10-2019, 23:23, посмотрело: 1178

0

«Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесі  «М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі бойынша   Республикалық «Қамқорлық» акциясының ұйымдастырылуы туралы анықтама

       Қазақстан Республикасы «Ата Заңының 30-бабы» талабына сай, Қазақстан Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы қабылданған «Қазақстан Республикасында орта білім жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралары туралы» №812  қаулысы негізінде Елбасының халыққа арналған жолдауын жүзеге асыру мақсатында Алматы облысы білім басқармасының келген хаты мен «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  бұйрығына сәйкес мектеп жасындағы балаларды оқумен қамтамасыз ету, көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына материалдық көмек көрсету үшін М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының  Республикалық «Қамқорлық» акциясы кезінде атқарылатын іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді.  Республикалық «Қамқорлық» акциясы 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында өткізіледі. Құрылған жоспарды талқылап, бекіту мақсатында қамқоршылық кеңес төрайымының қатысуымен сынып жетекшілер отырысы шақырылып алдағы міндеттер талқыланды.   Осы жоспарды іске асыру бағытында:

  1.  Республикалық «Қамқорлық» акциясын ұйымдастыру және өткізу жөнінде 7 адамнан тұратын ұйымдастыру комитеті құрылды.
  2. «Қамқорлық» акциясын даярлауға  және өткізуге «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымы мен «Қамқор» еріктілер тобы бектілген жоспар негізінде өз жұмыстарын бастап, «Дәулет» сауда орталығына, жеке кәсіпкерлерге, мемлекеттік емес ұйымдарға қатынас хаттар жіберіліп, үндеу парақтарын үлестіріп, жан-жақты үгіт-насихат жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде.   
  3.   Акция барысында бекітілген жұмыс жоспары негізінде акцияның барысы мен қорытындыларын нақты түсіндірумен қоса логотиптер мен плакаттар серияларын пайдалана отырып,   «Кел балалар, оқылық» атты ақпараттық стенді  дайындалып және ата-аналарға қажетті мәлімет, ақпарат беру үшін «Оқы да, ойлан» тақтасы безендіріліп, жабдықталды және 1-қабаттағы тәрбие бөлімі кабинетінен көмек орталығы ұйымдастырылып,  уақыт кестесі негізінде апта сайын жұмыс жасайды.
  4. Мектеп-гимназия мұғалімдері, сынып жетекшілері мектепке бармай отырған, оқудан жалтарған оқушылардың үйлеріне рейд ұйымдастырып, ондай оқушылардың  жоқтығын анықтады. 
  5.  Мектеп инспекторы, психолог және әлеуметтік педагогтің қатысуымен «қиын» топтағы оқушылар мен сәтсіз отбасының үйлеріне барып сабаққа дайындығын, тұрмыс жағдайын анықтау мақсатында рейд ұйымдастырып, акт жасалынды. 
  6. Оқушылардың сабаққа қатысуы апта бойы бақыланып, мониторинг жүргізіліп, қорытындысы мектеп әкімшілігінде қаралып отырылады.
  7. Мектеп-гимназияның бірінші қабатында ақпараттық алаң ұйымдастырылып, мектеп әкімшілігінен, сынып жетекшілерден кезекшілік реттелді. 1-11  сынып бойынша көмек қажет ететін оқушылар анықталып, тізімі бекітілді.  
  8. Мектеп-гимназия бойынша   аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы ата-аналарының талап-тілегі есепке алынып, қажетті құжаттары жинақталынуда. 
  9. Мектеп-гимназия бойынша оқушылар күнделікті ыстық тамақпен 100 пайыз  қамтылып отыр. Аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 185 оқушы мектеп асханасынан күнделікті тегін тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Ата-аналар арасында туындаған сұрақтар күн тәртібіне алынып, 1 – 11 сынып бойынша сынып жетекшілер жеткілікті түрде ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.
  10. Мектепішілік 5-7 сынып арасында «Аялы алақан» атты сурет байқауының ұйымдастырылып, сурет пәнінің мұғалімі байқау қорытындысын шығарып, жеңімпаздар анықталды.
  11. Оқушылардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында   «Мен спортты сүйемін!» атты спорттық-эстафеталық жарыстар жоспарланып, өткізілді.                                                      
  12. «Жақсылық жасау-менің міндетім!» ұранымен мектеп ұжымы акцияға бір кісідей ат салысуда... 

2019 жылдың  10.01-06.02. аралығында мектеп-гимназия бойынша аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 30 оқушыға 177600 теңге көлемінде мектеп формасы мен қыстық киім, аяқ киім және оқу құралдары қамқоршылық кеңесінің қатысуымен үлестіріліп берілді.

Мектеп директоры:                                 Сарқытов Қ.Т.

Орындаған: ДТІЖО Қожекенова А.А.










Категория: