Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Құттықтаймыз!

Автор: admin от 15-02-2019, 17:33, посмотрело: 340

1

Ауған соғысы ардагерлерінің Ауған жерінен   шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Ауған соғысының аңызы «Қара майор» Б.Т.Керимбековтың 71 жасқа толуына орай 2019 жылдың 12-13 ақпан аралығында өткізілген «Ұлағатты ұстаз- ұлт болашағының тірегі» атты волейбол жарысында М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының волейбол командасы жүлделі ІІ орынды иеленіп, 70 мың теңгенің сертификатымен марапатталды. 


Категория:

 

"Адамдық борышың" атты тәрбие сағаты

Автор: admin от 15-02-2019, 10:06, посмотрело: 753

0 Ағымдағы жылдың 15 ақпан күні"  мектебімізде Адамдық борышың" атты тәрбие сағаты өтті.  Елбасының " Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру", "Ұлы даланың жеті қыры" мақалалары аясындағы бүгінгі "Адамдық борышың" атты тәрбие сағатымыздың негізгі мақсаты Қаз дауысты Қазбек би "Алтын ұяң-Отан қымбат,туып өскен елің қымбат, кіндік кескен жерің қымбат" -дегендей,Қазақстан республикасының азаматтары ретінде міндетті борышымыз ата-анамызды қастерлеп, құрметтеу - барша адам баласы өнеге еткен қасиет екнін ұлықтау.






Категория:

 

Мектепішілік "Жыл мұғалімі-2019" байқауы

Автор: admin от 3-02-2019, 15:22, посмотрело: 526

1

Мектебімізде 02 ақпан күні  мектепішілік "Жыл мұғалімі-2019" байқауы өтті. Байқау өте мазмұнды да қызықты өтті. Байқау барысында мұғалімдер шығармашылық жағынан жан-жақты сынға түсіп, жаңа идеяларымен де бөлісті. Қорытындысында "Жыл мұғалімі" атағына биология пәнінің мұғалімі Бижигитова Альмира ие болды. Жүлделі І орынға ағылшын тілі мұғалімі Мөлдір Әміреева, ІІ орын бастауыш сынып мұғалімі Айнур Түменбаева, ІІІ орынды қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Гауһар Искакова иеленді. Сонымен қатар орыс тілі пәні пұғалімі Саржанова Қарлығаш білікті ұстаз, технология пән мұғалімі Нұрғожин Құмарбек креативті ұстаз, денешынықтыру пәнінің мұғалімі Умаров Қуандық жаңашыл ұстаз номинацияларымен марапатталды. 

Құттықтаймыз!!!

Категория: