0
Оқу адамзаттың жан-жақты да белсенді болуына ықпал ететінін және жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуындағы маңызды функцияны атқаратынын мойындай отырып, қоғамды дамытудағы басым міндеттердің бірі ретінде оқуды қолдауды қарастыра келе, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы «Бір ел – бір кітап» акциясын жыл сайын жүзеге асырып келеді. Биылғы жылы “Бір ел -бір кітап” акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқимыз. Соған орай мектеп кітапханасы облыстық С.Сейфуллин кітапханасымен бірлесіп 7 сынып оқушыларына жазушының өмірі мен шығармашылығына библиографиялық шолу ұйымдастырды.