Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«Журналист Бейсен Құранбектің жарқын бейнесі» тақырыбында әдеби- танымдық еске алу кеші өтті.

Автор: admin от 23-04-2024, 15:50, посмотрело: 6

0 Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, Ел  тегі, алсын қайдан кемеңгерді
  Журналист, қоғам қайраткері, тележүргізуші, Қазақстан Ұлттық арнасының «Айтуға оңай» бағдарламасының жетекші – жүргізушісі, Алматы облысы Жетісу телеарнасының директоры, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегері, Талдықорғанның құрметті азаматы Бейсен Құранбектің өмірі мен шығармашылығын, қоғамдық қызметі мен дара жолын дәріптеу мақсатында мектебімізде қалалық Ардагерлер кеңесінің  белді мүшелері, қала мектептерінің әжелер алқасы, халық аманатын арқалаған журналисттер, Бейсен Абайұлының жан жары, ата-аналар,мектеп ұжымы, оқушылардың ұйытқы болуымен «Журналист Бейсен Құранбектің жарқын бейнесі» тақырыбында әдеби- танымдық еске алу кеші өтті. Әдеби-танымдық еске алу кешінің бағдарламасының құрылуына мектебіміздің шығармашылық тобы елеулі үлес қосты. Бейсен Абайұлының өмірі мен шығармашылығын, қоғамдық қызметі мен дара жолын зерттеуге  150-ге  жуық оқушы тартылды.
 Әдеби-танымдық кеште Бейсен Абайұлының «Бала Бейсен», «Дана Бейсен», «Бейсеннің жарқын бейнесі» шығармашылық көрме мен «Дара Бейсен» кезеңдері қамтылып, тұлғалық болмысы кеңінен ашылды.
 Журналист Бейсен Абайұлының халқына жасаған өлшеусіз еңбегі, жарқын бейнесі  мәңгі жүрегімізде сақталады.

Категория: Бейнежазбалар,

 
 

“КазСуШар” мекемесі Жетісу облысы бойынша 173,1км канал жүйелерін тазартып, 10 гидробекеттер мен 54 гидротехникалық құрылымдарды жөндеуде.

Автор: admin от 19-04-2024, 15:10, посмотрело: 8

0 “КазСуШар” мекемесі Жетісу облысы бойынша 173,1км канал жүйелерін тазартып, 10 гидробекеттер мен 54 гидротехникалық құрылымдарды жөндеуде.Бүгінге 40км канал тазартылып, 1 гидротехникалық құрылым салынып, 4 гидротехникалық құрылым жөнделді, бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.Бұған қоса 20 мың гектар егістікті суғаруға 174 млн.куб су алу үшін 1060 шаруа қожалықтарымен су бөлуге келісім шарттар жасалды.

Категория:

 
 

Мәдени ескерткіштердің тәрбиелік мәнін ашу

Автор: admin от 18-04-2024, 13:07, посмотрело: 9

0 18.04 күні «Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне» орай мектеп-гимназия оқушылары тарихи орындарды сақтауға, қорғауға, туған жерлеріндегі мәдени орындарды танытуға, мәдени ескерткіштердің тәрбиелік мәнін ашу мақсатында Сүйінбай Аронұлының ескерткішіне  гүл шоғын қойып, өлен жырларын оқыды.

Категория: Бейнежазбалар

 
 

Тарих ғылымдарының магистрі Е.Бөлекбаев «Жат діни ағымдардың жастарға кері әсері» тақырыбында кездесу өткізді.

Автор: admin от 16-04-2024, 12:43, посмотрело: 9

0 2024 жылы 16 сәуір күні Мағжан Жұмабаев атындағы №19 мектеп-гимназиясында 8-сынып оқушыларына дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен теріс діни ағымдардың алдын алу бағытында Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының дінтанушы, Тарих ғылымдарының магистрі Е.Бөлекбаев «Жат діни ағымдардың жастарға кері әсері» тақырыбында кездесу өткізді.
Е.Бөлекбаев дәстүрлі емес діни ағымдардың ерекшеліктер мен ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен әдет ғұрыптарымызды теріске шығарып, жастарға тигізіп отырған зияндылығы туралы түсіндіріп өтті. Қазіргі таңда жастарымыздың жат ағамдардың арбауына түсіп қалмауы үшін жастарымыздың діни сауаттылығын арттыру керектігін, әлеуметтік желілерде тыйым салынған уағыздардан сақтануын түсіндіре келе оқушыларға ҚМДБ-ның сайттарынан мәлімет алуға болатынын ескертті. Сонымен қатар, халқымыздың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына тоқталды.

Категория: Бейнежазбалар

 
 

«Қарлығаш» шағын орталығының тәрбиеленушісі Тортай Артемида Ерікқызы

Автор: admin от 15-04-2024, 09:24, посмотрело: 12

0 «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мағжан Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қарлығаш» шағын орталығының тәрбиеленушісі Тортай Артемида Ерікқызы Алматы облысы Көркем гимнастика федерациясының ұйымдастыруымен «Көркем гимнастика» спортынан өткен ашық чемпионатында жүлделі І орын иегері атанды. Құтты болсын!

Категория:

 
 
Назад Вперед