Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ментор – Б.Жаксикельдиновтың ұйымдастыруымен, облыстық кардиологиялық орталықтың заңгері, 2 топтағы мүгедек – Курпатаев Бахтияр Рысбекұлы оқушылармен мотивациялық кездесу өткізді.

Автор: admin от 22-05-2024, 15:29, посмотрело: 44

0 М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназияның әкімшілігі мен әдеп және құқық жөніндегі ментор – Б.Жаксикельдиновтың ұйымдастыруымен, облыстық кардиологиялық орталықтың заңгері, 2 топтағы мүгедек – Курпатаев Бахтияр Рысбекұлы оқушылармен мотивациялық кездесу өткізді. Бахтияр өзінің басынан өткен қиындыққа қарамастан Жетісу мемлекеттік университетін Заңгер мамандығы бойынша тәмамдағанын, қоғамдық өмірге белсене араласып, қалалық және облыстық «Жайдарман» ойынының жүлдегері, «Асар» құрама командасының капитаны болып, республикалық «Жайдарман» ойынына қатысқанын айтып берді. Сондықтан өмірде кездесетін қиындықтарға мойымай, оларға төтеп беру арқылы тұлға ретінде өсуге, білім алып, білік жинауға шақырды. Балаларды алда күтіп тұрған ҰБТ-ға жақсы дайындалып, ойдағыдай тапсыруға тілектес екенін жеткізді. Дегенмен де, олардың болашағы ҰБТ-ға тәуелді емес екеніне баса назар аударып, тіпті ҰБТ-дан өте алмай қалған жағдайда болса да, мойымай, жаман ойлардан, қорқыныштан аулақ болуға шақырды. Арман-мақсатқа жетудің сан алуан жолы бар екенін айтты.
https://youtube.com/shorts/F1Bh2Ltu8Zo?feature=share

Категория: Бейнежазбалар

 

“Балалар қауіпсіздігінің алдын алу,ата-ананың бала өміріне жауапкершілігі” тақырыбында жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы өтті.

Автор: admin от 22-05-2024, 15:17, посмотрело: 72

0 Ағымдағы жылдың 16-мамыр күні мектебімізде
“Балалар қауіпсіздігінің алдын алу,ата-ананың бала өміріне жауапкершілігі” тақырыбында жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы өтті. Мақсаты:бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлінің маңыздылығына ерекше көңіл бөлу және ата-ананың бала өміріндегі жауапкершілігін арттыру.
Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:
?2023-2024 оқу жылы бойынша оқу тәрбие жұмыстарының қорытындысы туралы мектеп  директоры К.К Замзина 
?Жазғы демалыс уақытындағы қауіпсіздік. Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері,азаматтық қорғау аға лейтенанты-Жан Дастанұлы.
?Кәмлетке жасы толмаған жасөспірімдер арасында  құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасы. Талдықорған ҚПБ,ЖПҚБ Ювеналдық полиция тобының аға учаскелік инспекторы,полиция майоры-А.С Еркенбекова
?Мектеп психологінің баяндамасы. Шаяхметова А.А
?Мектептегі санитарлық-гигиеналық ереженің орындалуы мен ыстық тамақты ұйымдастыруы,оқушылардың қамтылуы. Әлеуметтік педагог-Тұсынова Ж.Е
?Мектеп медбикесінің баяндамасы. Абишева Ж.А
?Төтенше жағдай,өрт қауіпсіздігі туралы.
?”Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы” есеп берілді -ДТІЖО Қожекенова А.А
Жиналысқа 1-11 сынып ата-аналары және ата-аналар комитетінің мүшелері қатысты.Ата-аналар көкейдегі сұрақтарына мектеп әкімшілігінен  жауап алып,кері байланыс орнатылды.


Категория: Бейнежазбалар