0
Бүгін мектеп жанындағы “Арай” жазғы демалыс лагерінде - “Достық”күні.
Дене тәрбиесі мұғалімдерінің жетекшілігімен таңғы сергіту жаттығулары жасалды.
Топ жетекшілері “Дос боламыз бәріміз”трейнингі арқылы балаларды достық қарым-қатынасқа шақырды. “Досыма хат” айдары арқылы балалар достарына жылы лебіздерін білдіріп хат жазды.
Көркем еңбек пәнінің мұғалімімен бірігіп “Сүйікті жануарым” тақырыбында сурет салып , қол өнер бұрышына ілді.
Мектебіміздің “Жетісу”жүзу бассейінінде суға шомылды.
Жазғы демалыстарын тиімді пайдаланып білімдерін арттыру мақсатында орыс тілі пән мұғалімдерімен көңілді сабақ өткізілді.