Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 

"Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту арқылы білім сапасын арттыру" шебер сынып

Автор: admin от 1-03-2024, 14:13, посмотрело: 34

0 Мектеп үйлестірушісінің жылдық жоспарына сәйкес білім мен тәрбие беру жұмысының нәтижелі болуы үшін жан-жақты ізденіп, үнемі ұстаздардың біліктілігін көтеріп отыратын, өз іс-тәжірибесімен алмасу мақсатында мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің бірлестігі "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту арқылы білім сапасын арттыру" тақырыбында мектепішілік шебер сынып өткізді.

Категория: Бейнежазбалар

 

"Оқуға құштар мектеп"жобасы

Автор: admin от 1-03-2024, 14:04, посмотрело: 34

0 "Оқуға құштар мектеп"жобасы аясында мұғалімдер арасында мектебіміздің кітапханашысы мен әдіскері бірлесе отырып "Шын жүректен кітап сыйла" акциясын ұйымдастырды. Өзің оқы, өзгеге ұсын қағидасын ұстану мақсатында мектеп директоры Замзина Карлыгаш Келисовна бастап ұжым бір-біріне кітап сыйлай отырып алғыстарын білдірді.
    

Категория: Бейнежазбалар

 
 

«№11 «Құлыншақ» аралас бөбекжай-бақшасы» мемелекеттік коммуналдық қазыналық бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық жүргізу мақсатында ересек топ бүлдіршіндерімен танысу өтті.

Автор: admin от 29-02-2024, 11:08, посмотрело: 29

0

2024 жылғы 29 ақпан күні «М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы МДШО» КММ-нің қабырғасында «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «№11 «Құлыншақ» аралас бөбекжай-бақшасы» мемелекеттік коммуналдық қазыналық бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық жүргізу мақсатында ересек топ бүлдіршіндерімен танысу өтті. Топ жетекшілері және бүлдіршіндермен мектеп директорының оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасары   Шаужанова Н.Б. таныстыру жүргізіп, топ бүлдіршіндерімен мектептің нысандарын аралап өтті. Бүлдіршіндер мектеп кітапханасы мен спортзалды, асхана мен бассейнге серуен жасап, сынып кабинеттеріне келіп партаға отырып көрді. Тәрбиешілердің түсіндірме жұмыстарынан кейін, балалар өздеріне қызықты болған әсерлерімен бөлісті. 

Категория: Бейнежазбалар

 

Отбасылық "суда жүзу" эстафеталық жарыс өткізілді

Автор: admin от 28-02-2024, 12:41, посмотрело: 30

0 Ағымдағы жылдың 22 ақпанында мектеп-гимназиясының "Ұлағатты әкелер" кеңесінің жоспарына сай "Әкелеріміздің ерлігін еске аламыз" тақырыбында мектепте, әке, бала үштік одағының өзара қарым-қатынасын нығайту, жастардың жүзу спортына деген қызығушылықтарын арттыру, жекелей спорттық шеберліктерін дамыту, спортшылар арасындағы жолдастық қарым-қатынасты нығайту мақсатында отбасылық "суда жүзу" эстафеталық жарыс өткізілді. Жарысқа 8-9 сынып оқушылары әкелерімен қатысты. Жарыс өте тартымды, қызық өтті. Жеңімпаздарды арнайы келген қонағымыз Жетісу облыстық "АМАНАТ" пратиясы филиалы төрағасы, сонымен қатар "Әкелер одағының" төрағасы Арын Арыстанғали Қадырұлы және Жетісу облыстық "АМАНАТ" партиясы филиалы төрағасының орынбасары Досмуханбетов Асхат Сейденұлы арнайы марапаттады.
     

Категория: Бейнежазбалар

 

«Оқушылар, мұғалімдер мен техникалық қызметкерлердің жер сілкіну кезіндегі іс-әрекеті» тақырыбының аясында сейсмикалық жаттығу өткізілді.

Автор: admin от 23-02-2024, 08:27, посмотрело: 33

0 Бүгін мектебімізде сағат 12:30-да сейсмикалық жаттығуды сапалы  дайындықпен өткізу мақсатында азаматтық қорғаныс  басқармасының 2024 жылға  арналған жоспарына сәйкес  «Оқушылар, мұғалімдер мен  техникалық қызметкерлердің жер сілкіну кезіндегі іс-әрекеті» тақырыбының аясында сейсмикалық жаттығу өткізілді.Құтқару тобы, санитарлық пост,өрт сөндіру звеносы,қоғамдық тәртіп сақтау звеносы,радиациялық-химиялық барлау посты құрамынан тұратын топ мүшелерінің жер сілкіну кезіндегі  басқару штабы құрылып, шартты белгі бойынша міндетті жұмыстарын атқарды.Пән мұғалімдері оқушыларды мектеп мекемесінен тыс жерге эвакуациялауды ұйымдастырып, (жалпы оқушылар саны,  мектептен  шыққан оқушылар мен жоқ оқушылар саны) жайлы нақты мәліметті берді.Сейсмикалық жаттығуларды ұйымдастыру кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету міндетін мектеп медбикесі Ж.Абишева санитарлық пост мүшелерімен бірлесіп атқарды. Қабат бойынша қойылған кезекшілер экстремалды жағдайға байланысты іс-әрекеттер бойынша мектептің әскери басшысы Н.Д.Алибаев нұсқаулық кеңес жүргізді.

Категория: Бейнежазбалар

 
 
 

25 қазан Республика күні

Автор: admin от 1-11-2023, 12:41, посмотрело: 53

0 25 қазан Республика күніне 5 г сыныбымен мәнерлеп оқу өткізілді​https://youtu.be/MT22TJVlhVk​​​

Категория: Бейнежазбалар

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine