» » «Журналист Бейсен Құранбектің жарқын бейнесі» тақырыбында әдеби- танымдық еске алу кеші өтті.

 
 
 

«Журналист Бейсен Құранбектің жарқын бейнесі» тақырыбында әдеби- танымдық еске алу кеші өтті.

Автор: admin от 23-04-2024, 15:50, посмотрело: 14

0 Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, Ел  тегі, алсын қайдан кемеңгерді
  Журналист, қоғам қайраткері, тележүргізуші, Қазақстан Ұлттық арнасының «Айтуға оңай» бағдарламасының жетекші – жүргізушісі, Алматы облысы Жетісу телеарнасының директоры, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегері, Талдықорғанның құрметті азаматы Бейсен Құранбектің өмірі мен шығармашылығын, қоғамдық қызметі мен дара жолын дәріптеу мақсатында мектебімізде қалалық Ардагерлер кеңесінің  белді мүшелері, қала мектептерінің әжелер алқасы, халық аманатын арқалаған журналисттер, Бейсен Абайұлының жан жары, ата-аналар,мектеп ұжымы, оқушылардың ұйытқы болуымен «Журналист Бейсен Құранбектің жарқын бейнесі» тақырыбында әдеби- танымдық еске алу кеші өтті. Әдеби-танымдық еске алу кешінің бағдарламасының құрылуына мектебіміздің шығармашылық тобы елеулі үлес қосты. Бейсен Абайұлының өмірі мен шығармашылығын, қоғамдық қызметі мен дара жолын зерттеуге  150-ге  жуық оқушы тартылды.
 Әдеби-танымдық кеште Бейсен Абайұлының «Бала Бейсен», «Дана Бейсен», «Бейсеннің жарқын бейнесі» шығармашылық көрме мен «Дара Бейсен» кезеңдері қамтылып, тұлғалық болмысы кеңінен ашылды.
 Журналист Бейсен Абайұлының халқына жасаған өлшеусіз еңбегі, жарқын бейнесі  мәңгі жүрегімізде сақталады.

Категория: Бейнежазбалар,

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.