Тәлім сағаты

Автор: admin от 13-12-2019, 11:44, посмотрело: 231

0 Тәуелсіздік күніне орай өткізілген 9 "А" сыныбындағы тәлім сағатын "Жетісу" қамқорлық үйінің ұстазы Манатбек ағай өткізді.
Медреседе тәрбиеленіп жатқан сыныптағы Нұрғазы Абай, Адалқан Қайсар, Шәріп Ерлан сияқты оқушылар кішіге өнеге, үлкенге ізет көрсете алатын, өзгеге үлгі бола алатын инабатты, иманды балалар. Сондықтан да, бала тәрбиесіндегі ерекше еңбегі үшін Манатбек ұстазға мектептің қоғамдық өміріне белсене ат салысқаны үшін 9 "а" сынып атынан алғыс білдіреміз.
Қазақстан тәуелсіз ел
«Жауына табынбаған,
От болып жалындаған...»
Азаттық қоныс қылған,
Елінде бақыт тұнған.
Қыраны еркін самғап,
Аспанда қалықтаған.
Желбіреп жалаулары
Иені жоқ даласында
Әнұраны шарықтаған.
Бәріне құшақ ашып,
Ешкімді жатсынбаған.
Көңілі ашық қашанда,
Бар елмен туыс болған.
Дұшпаны тұрса күліп,
Қиып түсер қылыш болған.
Дәстүрін ұмытпаған,
Ұлыларын ұлықтаған.
Зымзия харамдарды,
Жанына жуытпаған.
Қадалған жерден қан алып,
Өліспей беріспеген.
«Көздерінде от ойнар»
Ұлдары батыр кілең.
Қисынынан сөз табар
Өр халақы ақын кілең.
Осындай бар ма ел десе,
Ойланбастан айтар ем
Қазақстаным бұл менің!
Қазақстан тәуелсіз ел, қанатын жайған әлемге,
Ақ бозаты оза шауып, жаңғырған аты әлемде.
Өткен күндер келмеске кетті, тарихта қана айтылып
Жанарларын мұң шалмай, ұлың мен қызың күлуде.
Нәсібін Алла қазағыма аямастан беруде,
Көктен де жерден байлығындағы төгуде.
Қарыштап, дамып бар елге болдық төреде,
Азаттықтың ақ сұңқарлары қазағымның көгінде,
20 жылдан аса уақыт қалықтап ұшты бұл күнде!
Тәуелсіздік тойларыңыз құтты болсын ендеше!

Категория:

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.