» » Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы

 
 
 

Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы

Автор: admin от 24-10-2019, 11:09, посмотрело: 978

0

«М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша

оқушылардың ыстық және қоғамдық тамақпен қамтамасыз ету барысында жүргізілген   іс-шараларға  анықтама


        2019-2020 оқу жылының   «Жалпыға бірдей міндетті білім беру айлығы»  аясында мектеп-гимназия бойынша оқушыларды ыстық және қоғамдық тамақпен қамтамасыз ету барысында   мектепішілік бұйрығы шығарылып, бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын ыстық және қоғамдық тамақпен қамтамасыз етілуі туралы,  жалпыға бірдей міндетті білім беру айлығы барысында мектеп-гимназия оқушыларын ыстық және қоғамдық тамақпен қамтамасыз етілуін қадағалау және бақылау мақсатында  мектепішілік іс-шаралар жоспары жасалынып, бекітілді. Оқушыларды  ыстық және қоғамдық тамақпен қамтамасыз етудің дер кезінде дұрыс ұйымдастырылуы мен сапасын тексеру барысында құрамы  3 адамнан тұратын бракераж комиссиясы құрылды.

Бұл комиссияның міндеттері:

  • Ас мәзірі (бағасы, әр түрлілігі)
  • Дайындалған тағамның сапасы
  • Санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы
  • Ыстық және қоғамдық тамақпен тамақтанатын оқушылар саны
  • Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы оқушыларының тізімін жасап, бекіту.

      Мектеп-гимназия асханасы 185 адамға арналған, аптасына 5 күн толық  сағат 08:00-17:00 дейін жұмыс істейді. 5  күндік   тамақтың құны орта есеппен - 375 теңге. Мектеп дәрігері дайындалған тамақтың дәмін, сапасын тексеріп, асханада жұмыс істейтін жұмысшылардың денсаулығына күнделікті бақылау жүргізіп отырады. Кешенді және ағымдағы ас мәзірлері тамақтандыру мөлшеріне сәйкес құрылып, мектеп-гимназия директорымен келісіліп,бекітілген.

  Жалпыға бірдей міндетті білім беру айлығы барысында   ата-ананың өтініші бойынша анықталған   көп балалы ,аз қамтылған,   әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 185 баланың тізімдері бойынша,

  • Қамқорлыққа алынған оқушы (жетім) - 4
  • Жартылай жетім бала саны - 16
  • Көп балалы жанұя балалары – 110
  • Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары – 34
  • Толық емес отбасы балалары – 21

оқушылар бар.

       Аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан 185 оқушының жалпыға бірдей міндетті білім беру қорының есебінен - 125 оқушы, асхананы жалға алушылар есебінен - 60 бала тегін тамақтанады, ондағы бастауыш сынып оқушылары – 103,  жоғарғы сынып оқушылары – 82.

      2019-2020  оқу жылындағы  ЖБМББ айлығы барысында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы – 100 %,  соның ішінде бастауыш сыныптардың қамтылуы – 64 %  құрайды.

       Мектеп гимназия бойынша оқушылар күнделікті ыстық тамақпен 100 % қамтылып отыр. Ата-аналар арасында туындаған сұрақтар күн тәртібіне алынып, 1-11 сынып бойынша сынып жетекшілер жеткілікті түрде ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады. Әр ай сайын сынып жетекшілер оқушылардың дұрыс  тамақтануын бақылау мониторингісін шығарылып отырылады.


Категория:

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.