Хаттамасы № 2 . 2020-2021 оқу жылы

Автор: admin от 10-11-2020, 08:38, посмотрело: 615

0
«М.Жұмабаев атындағы № 19 орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпыға бірдей міндетті білім беру қорын бөлу комиссиясы отырысының кезектен тыс жиналысының 
Хаттамасы  № 2 

Күні:  10.11.2021 ж. 
Комиссия отырысына қатысқандар: 
Комиссия төрағасы:   Сарқытов Қ.Т. –  мектеп директоры 
Мүшелері:  
  1. А.А.Қожекенова – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
  2. Н.Шаужанова – директордың ОТІЖ орынбасары
  3. Л.К.Каримова – қамқоршылық кеңесінің төрайымы 
  4. А.Шаяхметова – кәсіподақ төрайымы
  5. Ж.Турсынова – әлеуметтік педагог
  6. Ж.Дауренбекова - бухгалтер
Күн тәртібінде:
  1. Мектеп-гимназия бойынша аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларын Талдықорған әкімінің жаңа жылдық кешіне жіберу туралы.                                                             
ДТІЖО:  А.А.Қожекенова
  1. Әр түрлі мәселелер.
Тыңдалды: 
    Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша комиссия төрағасы Сарқытов Қ.Т. өз сөзінде: Талдықорған қаласы әкімінің жаңа жылдық кешіне бару туралы білім бөлімінің хатымен таныстырды. Хат барысында айтылғандай мектеп-гимназия бойынша әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасы балаларының арасынан 8 оқушы бару керектігін нақтылап айтып, талқылауға қарауды ұсынды.  
ДТІЖО А.Қожекенова сөз алды: 2021 жылдың 10 қарашасы бойынша 8 оқушының аты-жөнін оқып, Талдықорған қаласы білім бөлімінің қамқорлық секторы бөліміне сұраныс беретінін айтты.(Тізімі қосымшада)
  Бүгін сіздерге сондай оқушылардың тізімін және құжаттарын дайындап әкелдік, енді соларды жеке-жеке қарап шықсаңыздар. Ата-аналар мен сынып жетекшілері жалпы білім беру қорынан материалдық көмек алу үшін ережеде көрсетілген барлық құжаттарды жинап әкелді.  
Жиналысқа қатысқан комиссия мүшелері сынып жетекшілері мен ата-аналардың өтініші бойынша жинаған құжаттарын жеке-жеке қарап, танысып,  өз шешімдерін бір ауыздан келісіп, шешті.  (Тізім қосымша тіркелді). 
Ұсыныс бірауыздан қабылданып, шешім шығарды.
Шешім:  
  1. 2021жылдың желтоқсан айында ІІІ-ІY кварталына ЖБМББ қорынан күнкөрісі төмен және көпбалалы отбасынан шыққан, жетім және қамқорлықтағы 92 балаға спорттық ткиім мен аяқ киім, рюкзак, оқу құралдарын алу үшін бөлінген қаражатқа материалдық көмек көрсетілсін.
  2. Ата-аналардың өтініштері бойынша ЖБМББҚ комиссиясы бекіткен оқушылардың тізімі жасалынып, бекітілсін. 
  3. ЖБМББ қорынан бөлінген қаржы бойынша келген спорттық киімдердің дұрыс таратылуын комиссия мүшелері тарапынан қатаң қадағалансын.
  4.  Осы шешімнің дұрыс орындалуын қадағалау ДТІЖО А.А.Қожекеноваға жүктелсін.
                Комиссия  төрағасы :                                   Сарқытов Қ.Т.
                 Хатшы:                                                     Маликова В.К.

Категория:

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.