0
2024 жылдың 23 қыркүйегі күні М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының мәжіліс залында 5-8 сынып оқушыларымен Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ ЮПТ-ның аға учаскелік инспекторы полиция майоры А.С.Еркенбекова, ҚПБ аға жедел уәкілі полиция майоры С.Жумадиловтың қатысуымен “Мектеп оқушылары арасында буллинг,кибербуллинг және жасөспірімдер арасындағы қылмыс және оның алдын алу”, “Жол қауіпсіздігі” тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларға видеоролик көрсетіліп, заң бұзушылық, қылмыс түрлері, буллинг, кибербуллинг, жолда жүру ережесі саддары туралы жалпы түсінік беріліп, балалардың ой-пікірлері тыңдалды.
Буллинг, кибербуллинг орын алған жағдайда әлеуметтік желіні бұғаттау, интернеттен шығу, ең бастысы үлкендерді хабардар ету жайында практикалық оқу-жаттығулар көрсетті.
Сонымен қатар ұялы телефонды дұрыс пайдалану туралы Ережелерге тоқталып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.