0
Жетісу облысының «Jetisy jastary» КММ «Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі менторы» жобасының аясында Талдықорған қаласының Мағжан Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушыларымен жұмыс жоспарына сәйкес менторлық кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға ментордың кім екені және оның мақсат-міндеттері қандай екені туралы жан-жақты ақпарат берілді. Балалармен сенімді қарым-қатынас орнатып, көңілін аудару үшін барлық әдіс-тәсілдер қолданылды. Болашақта бала өздігінен еңсере алмайтын мәселе туындағанда ментордың көмегіне жүгіне алатыны және ментор балаға көмек көрсетуге дайын екені айтылды. Балалар арасындағы қарым-қатынасқа бақылау жүргізілді.