Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін

Автор: admin от 9-02-2018, 23:29, посмотрело: 792

0

Мектебімізде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, мектеп кітапханашыларымен биригип, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің және 5-9 сынып оқушылары арасындағы жас ақындар мен жыр сүйер оқушылардан құралған Дюсембинова Назира Ермуханқызының "Көркем сөз шеберлері" клубының ұйымдастыруымен " Мен өмірді жырлау үшін келгенмін" атты әдеби-сазды жыр кеші өтті. Әдеби жыр кешіне Жетісу мемлекеттік университетінің филология факультетінің ІІІ КУРС студенті, жас ақын, республикалық байқаулардың жүлдегері Байжұма Медет пен талантты, республикалық байқаулардың жүлдегері, жас ақын, Жетісу облыстық газетінің тілшісі Мұхтар Күмісбек қатысып, өздерінің жырларын тарту етті. Бұл кеште оқылған жырлар мен арнаулар мектеп оқушылары мен ұстаздарды ерекше нәзік сезімге бөледі. Қатысушылардың патриоттық сезімдерін оятты, мемлекеттік тіліміздің дамуына өз үлестерін қосты. Ақын жырларының әр алуандығын паш еткен жыр кеші барша оқушылар мен ата-аналардың, ұстаздардың көңілінен шыкты. Сонымен қатар, ақынның әндері де орындалды. Ән орындауда кештің қадірлі қонақтары, болашақ музыка пәні ұстаздары Берікбол Даурен "Қоңыр күз", Бек Күмісбек "Сенің көзің ...", "Ана сен бақыттысың" әндерін орындап, ерекше халық көзайымы болды. 8 "Ә" сынып оқушысы Нұртайқызы Әзиза мен 9 "Б" сынып оқушысы Жанат Аятолланың орындауында "МЕН ДЕП ОЙЛА" әні, 9 "Б" сынып оқушысы Құрман Ерасыл мен 9 "А" сынып оқушысы Мухаммад Маликтің орындауында "Жалаң аяқ қыз" әні, Ақылбек Шынардың домбыра сүйемелдеуінде "Қарасаз" әні, 7 "А" сынып оқушылары Қабанбаева Назым мен Байкулакова Аянаның орындауында "Саржайлау" әні жоғары деңгейде орындалды. Бүгінде ақынның ортамызда болмағанына налимыз, ал медет тұтарымыз – алып ақынның өзінің көзіндей көрінетін өркеш-өркеш өлеңдері халқынан қалтқысыз бағасын алып, келер ғасырға керуен көшін сенімді түрде ұзатып барады. Азаматтық пен адамгершілікті асқақ мұраты санаған ақынның жүрек сырлары шынайы болмысымен, ақиқаттың алдында аласармаумен қымбат та құнды.

Ұйымдастырушылар: 
қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі мүшелері
Кітапханашылар: Аюпова Маржан мен
Жансая Альдекенова.

 

 


 


 


 

Категория: