Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«Дұрыс тамақтану ережелері» атты тренингтің Хаттамасы № 2

Автор: admin от 20-01-2021, 08:47, посмотрело: 446

0
«М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық 
мемлекеттік мекемесі бойынша өткізілген  «Дұрыс тамақтану ережелері»  атты тренингтің     
Хаттамасы  № 2

Күні:     20 қаңтар 2021 жыл
Түрі: ON-LAIN режим, ZOOM платформасы
Қатысқаны:  Мектеп ұжымы – 20,  1-4 сынып оқушылары, «Болашақ» ОБҰ

Күн тәртібінде: 
  1. Лекция: «Дұрыс тамақтану ережелері»        
Тыңдалды: 
     Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің тапсырысы бойынша мектеп медбикесі мектеп дәрігері: М.Ибраева мектеп-гимназияның 1-4 сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтану ережелері»  тақырыбында ON-LAIN режим, ZOOM платформасында лекция оқып, дұрыс тамақтану туралы баяндап, тамақтың зиянды жағы мен пайдалы жағын жан-жақты ұғындырып, өзара ой бөлісті. Көрсетілген бейнеролик бойынша оқушылар тарапынан қойылған белсенді сұрақтарға қонымды жауаптар алынып, тренинг тартымды өтті.  Лекция барысында оқушыларға дұрыс тамақтану жайында ескертпелер таратылып, жадынамалар үлестірілді. 
жиналыс барысында кері байланыс орнатылды.
Шешім:
  1. Мектеп-гимназия  бойынша 1-11 сынып жетекшілері ата-аналармен өзара тығыз байланысты орнатып, үй жағдайында оқушылардың дұрыс тамақтануына дұрыс көңіл бөлініп және  үнемі қадағалансын.
  2. Дұрыс тамақтану туралы түсіндірме жұмыстары өз деңгейінде күнделікті жүргізіліп отырылсын.
  3. Мектеп бойынша атқарылатын тәрбие жұмыстары сынып жетекшілерге міндеттелінсін.
  4. Осы шешімнің орындалуын қадағалау ДТІЖО А.Қожекеноваға жүктелсін.
                  Жиналыс төрайымы:                                    А.А.Қожекенова
                  Хатшы:                                                      В.К.Маликова

Категория: