Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

“Кәсіптік бағдар беру” туралы

Автор: admin от 14-04-2022, 15:28, посмотрело: 101

0 Қазіргі таңда кәсіптік білім беру саласында  адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау кезек күттірмейтін талап.  Адам еңбек ету іс-әрекетіндебілім мен ептілікті игеру үшін кәсіптік білім беру қажет. Кәсіби білім – қандай да бір кәсіп аясында біліктілік қызметіне қажетті жүйелі білік, дағдыларды игеру процессі, құралы мен нәтижесі, және де сол кәсіби ортаға сай мінез-құлық ережелері мен нормаларды сақтауды қарастырады.
Бүгін мектебіміздің оқушыларына арналған “Кәсіптік бағдар беру” бойынша  түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесуге Алматы облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы Керімбек Болат Бақбергенұлы бастаған Жетісу жастары келді. 
Кездесудің мақсаты: қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу. Білім алу жолдарын түсіндіру. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.

Категория:

 

9-11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау туралы

Автор: admin от 14-04-2022, 15:20, посмотрело: 131

0 9-11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау  білім алушылардың жалпы орта білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін, меңгеру дәрежесін байқау мақсатында жүргізілетін рәсім.
 Мектеп-гимназияның жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыру, білім беру стандартының орындалуын тексеру мақсатында   2021-2022 оқу жылына арналған оқу-тәрбие  жұмысының жоспарына сәйкес 01. 03. 2022  жылы №17 - ө бұйрығы негізінде Наурыз айының 01-05 аралығында комиссия құрылып,  9-11 сынып   оқушыларынан мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дайындау мақсатында  және мектепішілік бұйрық негізінде қазақ тілінен эссе, математикадан бақылау жұмысы, орыс тілінен бақылау жұмысы, қазақстан тарихынан тест жұмыстары алынды.


Категория: