Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Автор: admin от 12-12-2022, 19:02, посмотрело: 51

0 Жетісу облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында өткен Бейсен Құранбек атындағы облыстық шығармашылық байқаудың  «Үздік арнау» бағыты бойынша қалалық кезеңінде М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Қайратқызы Ақмарал І орын, облыстық кезеңде жүлделі ІІ орын және  150 мың теңгенің сертификатына  ие болды.Жетекшісі -Сейсембай Гүлмира Амангелдіқызы. Құттықтаймыз, жеңіс тұғыры қашан да биік болсын!

Категория:

 

“МАХАББАТ ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР” атты әдеби кеш

Автор: admin от 12-12-2022, 11:53, посмотрело: 79

0 Қайырлы кеш, әдебиет сүйер қымбатты оқырмандар!
Сіздерді қазақтың біртуар азаматы, ел басына күн туған сәтте қолына қару алып, оқ пен оттың арасында елі үшін соғысқан , жалынды жырларымен майдангерлердің рухын көтерген жауынгер — жазушы, қазақ әдебиетіндегі еңбек пен ерлікті, махаббат пен достықты арқау еткен, өміршең туындыларды дүниеге әкелген қалам иесі - ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВТЫҢ 100 жылдығына орай өткізгелі отырған “МАХАББАТ ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР” атты әдеби кешіміздің қадірлі қонағы болуға шақырамыз!
Болатын күні: 13 желтоқсан
Басталуы: 11:30
Өту орны: мәжіліс залы.

Ұйымдастырушылар:
?Мектеп кітапханасы;
?Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі;
? Оқушылар;
#оқуғақұштармектеп
#кітапоқыпжарысайық 

Категория: