М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы. Талдықорған » Материалы за Февраль 2023 года » Страница 2
Автор: admin от 19-02-2023, 22:58, посмотрело: 53
Автор: admin от 9-02-2023, 21:58, посмотрело: 48
14.09. Күні мектебімізде Тілдер күні мерекесіне орай қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Б.Т.Елеусізова, Г.А.Сейсембай, кітапхана қызметкерлері М.С.Аюпова, Г.Т.Шөжебаевалар «Сөз зергері – Ғабит Мүсіреповке 120 жыл» тақырыбында 9-11сыныптар аралығында сөз зергері Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығын баяндау, шығармаларының мазмұны мен негізгі идеясын талдап, оқырмандарға жеткізу мақсатында оқырмандар конференциясы өтті. 10 «А» сынып оқушылары жазушының өмірі мен еңбек жолынан ақпараттарды ұтымды жеткізе білді. Шығармаларының сюжеті мен композициялық құрылымын тарихи,көркемдік тұрғыда талдай білді. Конференциядан кейін 9-сынып оқушылары кітапханадан жазушының басқа да шығармаларының мазмұндық желісімен кеңінен танысты. Қазіргі жас буын жазушының сан қырлы шығармаларының таптырмас құнды мұра екендігін ұғынды.
Автор: admin от 9-02-2023, 21:56, посмотрело: 48
21.09.2022 күні "Тіл-білімнің кілті" апталығына орай мектеп кітапханасында А.Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына бастауыш сыныптар арасында "Тіл-тірегім, соғып тұрған-жүрегім" атты мәнерлеп оқу өтті. Мақсаты: оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту.
Автор: admin от 9-02-2023, 21:53, посмотрело: 53
9 қыркүйек күні ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ пәні мұғалімдері Н. Е. Дюсембинова, Т. А. Дауткулова мен кітапханашы М. С. Аюпова бірлесіп «Тіл- білімнің кілті» атты іс-шара жоспары бойынша Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай «Әлемге әйгілі Ұлы Мұхтар 125 жыл» ОҚУҒА ҚҰШТАР, ҮЗДІК ОҚЫРМАН атты ғылыми жоба сайысы өтті.
Мақсаты: Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Оқушыларды ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру.
Постерлік баяндама бойынша 3 топтан құралған оқушылар жазушы шығармаларынан алғын жұмыстарын қорғап шықты.
Оқушылар М.Әуезовтың «Көксерек», «Жетім», «Қорғансыздың күні» атты шығарма желісі бойынша әр топ өз ойларын ашық және қызықты жеткізді. Постерлік баяндама бойынша оқушылардың қорғау барысында көрсеткен жұмыстарымен бағаланды.
Автор: admin от 9-02-2023, 21:48, посмотрело: 48
Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай 08.09.2022ж. «Тілім- анам, алар орның мәңгі шың!» тақырыбында 5-10 сыныптар арасында көркем шығарма желісі бойынша суреттер көрмесі өтті. Көрменің мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру.
Автор: admin от 9-02-2023, 21:43, посмотрело: 45
М. Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі мен шет тілдер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тіл-білімнің кілті» атты іс-шара өтті.
Мақсаты:
«Ұлттық құндылықтар аясында тиімді әдістер арқылы қазақ тілі мәртебесін көтеру; латын әліпбиінінің құндылығын арттыру,көптілділікті игеру.
Мектеп дәлізінде «Ана тілі-бабаңның есімі, балаңның бесігі» тақырыбында ақпараттық бұрыш жасалды. Ондағы мәліметтер өз ана тілінің қадір-қасиетіне, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға және үштілділік заман талабы мазмұнында болды.
Апталық салтанатты түрде ашылды.
Автор: admin от 9-02-2023, 21:38, посмотрело: 44
«М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп гимназиясы МДШО» коммуналдық мемелекеттік мекемесінде 2022 жылдың 23 желтоқсанында «Әліппеге мың алғыс!» атты танымдық сағаттары бастау алды. Аталған шараға мектебіміздің 1-сынып оқушылары және олардың ата-аналары қатысты. Әр сыныптың оқушылары мектеп өмірі мен әріп танып, жазуға оқуға үйреткен алғашқы Ұстаздары мен оқулықтары Әліппеге алғыстарын өлең жолдарымен, ән-бимен жеткізді. Аталған шараға 1 «А», 1 «Ә», 1 «Б», 1 «Г», 1 «Ғ», 1 «Д» сыныптарының ата-аналары да қатысып, мектеп әкімшілігі мен ұстаздарға өздерінің алғыстарын білдірді.
Автор: admin от 9-02-2023, 21:35, посмотрело: 54
«М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп гимназиясы МДШО» коммуналдық мемелекеттік мекемесінде 2022-2023 оқу жылының жоспарына сәйкес 2023 жылдың 16.01.- 03.02. күндері аралығында «Білім бастауы- бастауышта» атты бастауыш сыныптар апталығы болып өтті. Апталық кезінде бастауыш сынып мұғалімдері ашық есік күндерін ұйымдастырып, сыныптан тыс іс-шараларын өткізіп іс-тәжірибелерімен бөлісті. Бастауыш сынып оқушыларының бойында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, шыңдау мақсатымен 3-4 сынып оқушыларымен «Мағжан ізбасарлары» атты танымдық сайыс өткізілсе, мәнерлеп оқуды шыңдау мақсатымен «Мен жырлаймын өлеңді» мәнерлеп оқу сайыстары ұйымдастырылды. «Кім тапқыр?» интеллектуалды сайысы да жоғары деңгейде өтті. Апталық соңында «Ең шебер сабақ», «Ең тапқыр сынып», «Ең ұтымды әдіс» иелері анықталып, мектеп әкімшілігі тарапынан марапатталды.
Автор: admin от 9-02-2023, 20:55, посмотрело: 52
Автор: admin от 9-02-2023, 19:26, посмотрело: 66
Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
Дұрыс тамақтану ережелері:
-Тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады;
-Тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне 5 рет қабылдаған жөн;
-Таңертеңгі асты мұқият ішу қажет. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда ағзадағы қант азайып кетеді.
Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:
Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қантдиабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдыналу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет.Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спорт пен шұғылдану, күйзеліс пен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаныжас, белсенді болып жүруіңізге болады.