Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

WORLDSKILLS JUNIORS ZHETYSU - 2023

Автор: admin от 21-05-2023, 15:40, посмотрело: 62

0 Студенттер мен оқушылар арасындағы информатика пәнінен өткен WORLDSKILLS JUNIORS ZHETYSU - 2023
Олимпиадасы чемпионатында  10 “ Ә” сынып оқушысы Амирхан Алихан  I орынды  иеленді! 
Құттықтаймыз!!
Жетекшісі: Ибраимова Нургуль Нығметбековна

Категория:

 

«І. ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

Автор: admin от 21-05-2023, 15:39, посмотрело: 59

0 «І. ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
«Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылдың 28 сәуір күні «Ілияс әлемі» атты дәстүрлі түрде тоғызыншы рет студент-жастарға арналған фестиваль өткізді. Фестиваль жұмысына ЖОО, колледж студенттері мен жоғары сынып оқушылары шақырылды.
Мақсаты: Құлагер ақын І.Жансүгіровтің шығармашылығын насихаттау және зерттеп, зерделеуге баулу. Студент-жастардың поэзияға деген құштарлықтарын арттыру, бойларындағы ақындық таланттарын ұштау, бағыт-бағдар беру, қолдау көрсету болды.
Фестиваль аясында мектебіміздің 10 “Ә” сынып оқушысы Амирхан Алихан  «Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай» атты мүшәйрасына қатысты (Ілияс Жансүгіровке арнаған өз өлеңі). 
Амирхан Алиханға меетептің қоғамдық өміріне белсене қатысып, өзін жан-жақты, білімді шәкірт ретінде көрсете алғаны үшін алғыс білдіреміз!
Сынып жетекшісі: Байрахимова Аида Тлеуханқызы.
Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі.

Категория:

 

Қалалық "ІЛИЯС ОҚУЛАРЫ" байқауы

Автор: admin от 21-05-2023, 15:36, посмотрело: 63

0 2022 - 2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ БІРЛЕСТІГІНІҢ КЕЗЕКТІ  ЖЕТІСТІКТЕРІ: Қалалық "ІЛИЯС ОҚУЛАРЫ" байқауы  бойынша  мектебіміздің  екі оқушысы қатысып жүлделі орындарға ие болды.  
11 «Б» сынып оқушысы   Бакытова Айдана Айдосқызы «Ілияс сөз шебері» бағыты бойынша қатысып "Алғыс хатқа" ие болды. Жетекшісі: Елеусізова Б.Т.??
Жұмағазы Жайық, 8 «Д» сынып оқушысы «Ұлы тұлғаға арнау» бағыты бойынша І орын. Жетекшісі: 
Дюсембинова Назира Ермуханқызы ??

Категория:

 

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Автор: admin от 21-05-2023, 15:26, посмотрело: 50

0 Оқу-ағарту министрі жұмыс сапарымен Жетісу облысына келді.Бүгін Ғани Бейсембаев Панфилов ауданының педагогикалық құрамымен кездесті. Мұндай кездесулер Жетісу облысының Қаратал, Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарында да жалғасатынын айта кету керек. Министр педагогтер тарапынан болған барлық ұсыныстарды тыңдады және олармен сұқбат барысында тиісті ведомствоның бірінші кезектегі міндеттерін атап өтті.
Бүгінгі таңда білім сапасын арттыру, аттестация жүйесін және педагогтерді ынталандыру тәсілдерін жетілдіру ең өзекті мәселенің бірі болып отыр.
«Мемлекет педагог мәртебесін көтеру мақсатында бірқатар шараларды қолға алуда. Оның ішінде мұғалімдердің жалақысын көтеру – жүзеге асырылған басты қадамдардың бірі. Министрлік бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра береді. Мұғалімдерді аттестациялау жүйесін жетілдіру бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп, портфолио қалыптастыру барысы қайта қаралуда. Келешекте мұғалімнің жетістігі оның әрбір оқушысының жетістігімен бағаланатын болады. Атап айтамын, еліміздің жетекші педагогтері - педагог-шеберлер мен педагог-зерттеушілер білім саласының барлық мамандары үшін үлгі болуы керек», - деп атап өтті еліміздің бас педагогі.
Жетісу облысында барлығы 15 мыңнан астам педагог еңбек етеді, оның ішінде 2309 педагог-зерттеуші, 63 педагог-шебер бар.
Сондай-ақ министр сапары кезінде жоспардан тыс шалғайдағы оқу ұйымдарында болып, мектеп дәретханаларының жағдайын қарады, оқу орындарындағы дабыл түймелерін, төтенше жағдай кезіндегі жедел әрекет ету қызметін, балалардың қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін және мектептегі тамақтандырудың ұйымдастырылуын тексерді.
Министр қауіпсіздік шараларын сынақтан өткізген білім ұйымдарының арасында Х.Хамраев атындағы орта мектеп, Д.Рақышұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығы, Кәлпе орта мектебі, Сарқан қаласының №3 арнайы мектеп-интернаты бар. Атап өту керек, білім ұйымдарына жоспардан тыс бару Жетісу өңіріндегі барлық аудандарда жүргізілуде.

Категория:

 

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Автор: admin от 21-05-2023, 15:17, посмотрело: 61

0

?️Жетісу облысына жұмыс сапары кезінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.
❔Талдықорған қаласының тұрғындары мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру саласына қатысты сұрақтар қойды.

☑️Ғани Бейсембаев олардың барлық сұрақтарына толыққанды жауап берді және зерделеп қарауды қажет ететін кейбір сұрақтарды өзінің бақылауына алды. Сондай-ақ комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Категория: