Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор екені белгілі

Автор: admin от 1-09-2024, 00:49, посмотрело: 17

0 Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор екені белгілі. Сондықтан да елімізде отбасының түтастығын сақтауға баса назар аударылып отыр. Отбасында тұрақтылық пен береке болмаса, осыған байланысты мемлекеттік мекемелер, құқық қорғау орындары мен қоғамдық ұйымдар тарапынан көмек көрсетіледі.

Категория:

 

Алғашқы қоңырау!

Автор: admin от 1-09-2024, 00:46, посмотрело: 17

0 Мектеп-гимназия бойынша 2024 жылдың 1 қыркүйек күні жаңа оқу жылының басталуына орай білім алушыларға білімнің басымдылығы мен маңыздылығын түсіндіре отырып, жағымды көңіл – күй сыйлау және оң қөзқарас қалыптастыру, білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны мектеп алаңында өткізілді. Жиын сағат 09:00-да басталды. Мектеп алаңы әсем шарлармен безендіріліп, мектептің 1-қабатында оқушылардың шығармашылығынан көрме ұйымдастырылып, балалар тілегі арнайы LED-экраннан көрсетіліп жатты.
Cалтанатты жиынға Талдықорған қалалық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Ж.Г.Сарсенов, ТЖ басқармасының қызметкері Т.Б.Койшыбаев, құқық және әдеп менторы Б.У.Жақсыгелдинов, құрметті қонақ ретінде қатысып, мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндерге жүрек жарды тілегін арнады.
Салтанатты жиында мектеп директоры Замзина Қарлығаш Келісқызы арнауын жолдап, барша ата-аналарды, мектеп білімгерлерін және мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерді білім күнімен шын жүректен құттықтады. Жылдың үздік оқушыларын арнайы «Мақтау қағазымен» марапаттады. Ата-аналар комитетінің төрайымы М.А.Садуакасова барлық балаларға бақыт тілеп, ата-аналарға жүрекжарды ақ тілегін арнады.
Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру мақсатында арнайы бекітілген бағдарлама негізінде 1-сынып жетекшілері салтанатты жиынынан кейін сынып сағаты аясында адам өміріндегі құндылықтардың рөлін талқылауға басты назар аударды.

Категория: