Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Жаркент қаласындағы «Мұра» зияткерлік мектебінің негізін қалаушы – Алмас Тоқсанбайдың әкелер қауымымен кездесуі өтті.

Автор: admin от 9-11-2024, 23:43, посмотрело: 15

0  2024 жылғы 08 қазан күні М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушысы, Жаркент қаласындағы «Мұра» зияткерлік мектебінің негізін қалаушы – Алмас Тоқсанбайдың әкелер қауымымен кездесуі өтті. Кездесуге 150-ден аса әке қатысты. Кездесу кеші «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ «Jetіsý jastary» КММ «Әдеп-құқық жөніндегі ментор» жобасы аясында, мектеп әкімшілігі мен ментор – Б.Жаксыкельдиновтың ұйымдастыруымен өткізілді. Мақсаты – бала тәрбиесінде заманауи тенденциялар мен ұлттық мұраны ұштастыру, балаға білім берудің тиімді жолдары, балаға білім берудегі ата-ана – бала - мұғалім үштігі сияқты маңызды тақырыптарды талқылау. Жиналған қауымға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектептің әкелер одағының төрағасы және мектептің әдеп-құқық жөніндегі менторы жылы лебіздерін білдірді. Ал Алмас Тоқсанбай мырза семинар-тренинг жүргізіп, бала тәрбиесі жөніндегі тың ақпарат айтып, жиналғандардың барлық сұрақтарына жауап берді. Кездесу жоғары деңгейде өтіп, ұйымдастырушылар діттеген мақсатына жетті.
https://youtube.com/shorts/Q5PVUgSNI3U?feature=share​​​

Категория:

 

"Спорт денсаулық кепілі" атты дене шынықтыру пәнінің онкүндігі басталды.

Автор: admin от 9-11-2024, 23:30, посмотрело: 9

0 024-2025 оқу жылының 07-18 қазан аралығында "Спорт денсаулық кепілі" атты дене шынықтыру пәнінің онкүндігі басталды.
Апталықтың мақсаты: Бұқаралық спортты насихаттау, оқушыларды дене шынықтыру мен спортқа жүйелі түрде баулу, салауатты өмір салтын насихаттау.

Категория:

 

Бос орынға конкурс өткізді.

Автор: admin от 9-11-2024, 01:40, посмотрело: 7

0
2024 жылы 08 қараша «М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы МДШО»КММ бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы №513 (№259 өзгерістермен) бұйрығы негізінде және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 (№343 өзгерістермен) бірлескен бұйрығына сәйкес бос лауазымға үміткерлердің құжаттарының біліктілік талаптарға сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ осы қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес бағалау парағында көрсетілген баллдарды есептеуді жүзеге асыра отырып, ағылшын тілі мұғалімі лауазымы бойынша 2 уақытша бос орынға, әлеуметтік педагог лауазымы бойынша 1 бос орынға конкурс өткізді. Конкурсқа Ағылшын тілі мұғалімі лауазымына 4 үміткер құжат өткізген.
Конкурс комиссиясының нәтижесі бойынша жоғары балл жинап Койшыбаева Жазира Саниязбековна және Асқарқызы Мөлдір бос лауазымға жұмысқа қабылданды.

Категория: Мектеп ұжымы

 

“Директор сағаты” жобасы аясында жеке қабылдау күнін өткізді.

Автор: admin от 2-11-2024, 01:34, посмотрело: 7

0
Жетісу облысы білім басқармасының 
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің, Nº19 орта мектебінде 01 қараша күні мектеп директоры Замзина Қарлығаш Келісқызы “Директор сағаты” жобасы аясында жеке қабылдау күнін өткізді.

Қабылдау барысында ата-аналармен әртүрлі сұхбаттар жүргізіліп, өздеріне қызықты сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Мектеп ұстаздары мен директор арасында оқушылардың сабақ үлгерімі, үйдегі ,сыныптағы тәртіптері талқыланып, алдағы II тоқсанға арналған жоспар құрылды.

Категория: Мектеп әкімшілігі