0
Ағымдағы жылдың 11 қазанында Мағжан Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық зомбылықтың алдын алу мақсатында Жетісу облысы полиция департаментінің ЖПҚБ орынбасары, полиция подполковнигі А.Е.Белгибаева және Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ ЮПТ-ның аға учаскелік инспекторы, полиция майоры А.С.Еркенбекова 8-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуге қатысқан оқушыларға құқықбұзушылық туралы жалпы түсінік беріп, құқықбұзушылық пен қылмыстың айырмашылығын, құқықбұзушылық пен қылмыс істегені үшін заң алдындағы жауапкершілік туралы ҚР заңнамасына сүйеніп, жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар балаларға әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, полиция қызметіне шолу жасалды. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер де заң алдында жауапты екені айтылып, балалардың құқықтық сауаттылығын арттыруға үлес қосты.