0
2024 жылғы 08 қазан күні М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушысы, Жаркент қаласындағы «Мұра» зияткерлік мектебінің негізін қалаушы – Алмас Тоқсанбайдың әкелер қауымымен кездесуі өтті. Кездесуге 150-ден аса әке қатысты. Кездесу кеші «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ «Jetіsý jastary» КММ «Әдеп-құқық жөніндегі ментор» жобасы аясында, мектеп әкімшілігі мен ментор – Б.Жаксыкельдиновтың ұйымдастыруымен өткізілді. Мақсаты – бала тәрбиесінде заманауи тенденциялар мен ұлттық мұраны ұштастыру, балаға білім берудің тиімді жолдары, балаға білім берудегі ата-ана – бала - мұғалім үштігі сияқты маңызды тақырыптарды талқылау. Жиналған қауымға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектептің әкелер одағының төрағасы және мектептің әдеп-құқық жөніндегі менторы жылы лебіздерін білдірді. Ал Алмас Тоқсанбай мырза семинар-тренинг жүргізіп, бала тәрбиесі жөніндегі тың ақпарат айтып, жиналғандардың барлық сұрақтарына жауап берді. Кездесу жоғары деңгейде өтіп, ұйымдастырушылар діттеген мақсатына жетті.
https://youtube.com/shorts/Q5PVUgSNI3U?feature=share