Сайлауға бар да көже іш

Автор: admin от 19-03-2023, 03:11, посмотрело: 34

0 Бүгінгі саяси додадан қалыс қалмай, өз таңдауларын жасауға келген әрбір жанға наурыз көже ұсынылды. Қараталдық еріктілер көктемгі жаңару мерекесі қарсаңында болған сайлау науқанында үлкен мән барын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.


Мұхтар КҮМІСБЕК

Көпшілік бір-бірін мерекелерімен құттықтап, жуық арада «Көрісу күні» өткенін, алда әз-Наурыз мейрамы екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ аудан халқы барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірігіп, жұдырықтай жұмылса, еліміздің өркендей түсеріне сенім білдірді.

Сайлау учаскелерінде аудан өнерпаздары өз өнерлерін паш етіп, барша халыққа ерекше көңіл күй сыйлап жатыр. Күмбірлеген күй, әсем ән, әдемі жыр, бәрі-бәрі халыққа арналды. Көпшілік өз таңдауларын жасағаннан кейін, үйлеріне асықпастан әншілердің өнерлерін тамашалады. Олар сайлауда өз дауыстарын бергендері арқылы болашағымызға ықпал еткендеріне сенімді.

Наурыз көжеден ауыз тиген жастар жағы үлкендерден көженің дайындалу жолын сұрастырып, пайдалы мағлұматқа қанығып қайтты.
Сайлауға бар да көже іш

Категория: ---

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.