Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Сайлауға бар да көже іш

Автор: admin от 19-03-2023, 03:11, посмотрело: 35

0 Бүгінгі саяси додадан қалыс қалмай, өз таңдауларын жасауға келген әрбір жанға наурыз көже ұсынылды. Қараталдық еріктілер көктемгі жаңару мерекесі қарсаңында болған сайлау науқанында үлкен мән барын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.


Мұхтар КҮМІСБЕК

Көпшілік бір-бірін мерекелерімен құттықтап, жуық арада «Көрісу күні» өткенін, алда әз-Наурыз мейрамы екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ аудан халқы барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірігіп, жұдырықтай жұмылса, еліміздің өркендей түсеріне сенім білдірді.

Сайлау учаскелерінде аудан өнерпаздары өз өнерлерін паш етіп, барша халыққа ерекше көңіл күй сыйлап жатыр. Күмбірлеген күй, әсем ән, әдемі жыр, бәрі-бәрі халыққа арналды. Көпшілік өз таңдауларын жасағаннан кейін, үйлеріне асықпастан әншілердің өнерлерін тамашалады. Олар сайлауда өз дауыстарын бергендері арқылы болашағымызға ықпал еткендеріне сенімді.

Наурыз көжеден ауыз тиген жастар жағы үлкендерден көженің дайындалу жолын сұрастырып, пайдалы мағлұматқа қанығып қайтты.
Сайлауға бар да көже іш

Категория: ---

 

Жетісудың ең қарт анасы өз дауысын берді

Автор: admin от 19-03-2023, 03:09, посмотрело: 31

0 Сарқан ауданында 112 жастағы Белдеубай‌қызы Алтынхан апамыз сайлаудан тысқары қалмай өз дауысын берді.

Ауданымыздың кейуанасы жасы жүзден асқан Алтынхан апамыз ақ батасын беріп, сайлаудың келешегіміз үшін маңызды екендігін айтып, елдің, жердің тыныштығын тіледі.

«Осындай бейбіт күнді халқымыз көп аңсады. Сол ортақ тәуелсіздікті бағалауымыз керек. Менің жасым жүзден асып кетсе де, ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін, сайлауға әр азаматтың баруы міндет. Еліміздің болашағы шешілетін күн, оған бей‌жай қарамаған жөн. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әр отбасыға береке-бірлік тілеймін», – деді қарт анамыз.
Жетісудың ең қарт анасы өз дауысын берді

Категория: ---

 

Жетісу облысында бір мезгілде Мемлекеттік Ту шеруімен велошабандоздар сайлауға барды

Автор: admin от 19-03-2023, 03:08, посмотрело: 40

0 Бүгін Текелі қаласындағы №445 сайлау учаскесінде жастар патриоттық рухты көтеріп, өз таңдауларын жасады. Олар дауыс беру кезінде қаланың ортасымен әрқайсысы туды көтеріп, көше бойымен жүріп өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Олар қазақстандықтарды өз таңдауларын жасауға шақырды.

«Мемлекеттік Туға қарап, елім, жерім дейтін ұрпақтың намысы оянып, жүрегіне патриоттық сезім ұялары сөзсіз. Біз жастарымызға үлгі-өнеге көрсету мақсатында бір мезгілде көк Туымызды желбіретіп, дауыс беруге келдік. Барша жерлестерімізді таңдауларын жасауға шақырамыз» – деді шеруді ұйымдастырушы Ынтымақ Әленбек.
Жетісу облысында бір мезгілде Мемлекеттік Ту шеруімен велошабандоздар сайлауға барды

Категория: ---