» » «Дұрыс тамақтанып, салауатты өмір сүр!» атты тренингтің Хаттамасы № 1

 
 
 

«Дұрыс тамақтанып, салауатты өмір сүр!» атты тренингтің Хаттамасы № 1

Автор: admin от 18-11-2020, 08:44, посмотрело: 349

0
«М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өткізілген   «Дұрыс тамақтанып, салауатты өмір сүр!» атты тренингтің  
Хаттамасы  № 1

Күні:    қараша 2020 жыл
Түрі: ON-LAIN режим, ZOOM платформасы
Қатысқаны: Мектеп ұжымы – 20,  6-7 сынып оқушылары

Күн тәртібінде:  «Дұрыс тамақтанып, салауатты өмір сүр!» атты тренинг-семинар
«Ұлттық салауатты тағамтану орталығының» қызметкері Г.Е.Садақбаева, Ж.Мәтібек
Тыңдалды: 
        Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің тапсырысы бойынша дәрістік жолдамамен келген «Ұлттық салауатты тағамтану орталығының» қызметкері Г.Е.Садақбаева, Ж.Мәтібек мектеп-гимназияның 6-7 сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтанып, салауатты өмір сүр!» атты тренинг-семинар ұйымдастырып, тамақтың зиянды жағы мен пайдалы жағына пікір таластырып, өзара ой бөлісті. «Тамақтанудың пайдалы және зиянды жақтары» тақырыбында оқушыларға плакаттар жарысын өткізді. Қашықтықтан өткізілген семинарға балалардың қызығушылығы артып, белсенділік танытты. Оқушылар тарапынан қойылған белсенді сұрақтарға қонымды жауаптар алынып, семинар тартымды өтті. Тренинг соңында жеңген топтарға жадынамалар беріліп, жеңімпаздар анықталды. 
Жиналыс барысында кері байланыс орнатылды.
Шешім:
  1. Мектеп-гимназия  бойынша дұрыс тамақтану бойынша кездесу, семинарлар тоқсан сайын ұйымдастырылып, өткізілсін.
  2. Оқушылармен атқарылатын тәрбие жұмыстары сынып жетекшілер мен ата-аналарға міндеттелінсін.
  3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау ДТІЖО А.Қожекеноваға жүктелсін.
     Жиналыс төрайымы:                           ДТІЖО А.А.Қожекенова
     Хатшы:                                              В.Маликова

Категория:

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.