» » Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігінің салтанатты ашылуы

 
 
 

Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігінің салтанатты ашылуы

Автор: admin от 2-03-2022, 12:08, посмотрело: 133

0 Рухани жаңғыру тұрғысынан   оқушылардың жеке зерттеушілік құзыреттілігін ұлттық құндылықтармен қалыптастыру,Қанипа  Омарғалиқызы Бітібаеваның республикалық ғылыми-әдістемелік зертханасын іске асыру мақсатында мектебіміздің 2021-2022 оқу жылындағы іс-шара жоспарына сәйкес   01-18 наурыз аралығында "Týǵan tilim, órkende !Bola ber, kúshti, kórkem de! " атты тақырыпта қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің  онкүндігінің салтанатты ашылу жиыны өтті.   
Мектебіміздің оқушылары өнерлерін ортаға салып, күй шертіп, ақындардың жырларын мәнерлеп оқыды. Тіл туралы мақал-мәтелдер жатқа айтылды. 
   «Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиістіміз» деп Ахмет Байтұрсынов атамыз айтқандай, қазақ тілі - қазақ халқының рухани, мәдени байлығы, баға жетпес құнды қазынасы, асыл мұрасы екендігі айтылды.

Категория:

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.