Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Құттықтаймыз!

Автор: admin от 2-03-2022, 19:28, посмотрело: 84

0 Мектебіміздің шебер-педагогы Исаева Светлана Нұрғазықызының ақындық өнерге баулып жүрген 9«Ә» сынып оқушысы  Қайратқызы Ақмарал бүгінгі қалалық  Қадыр оқуларының «Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін...» бағыты бойынша  І орынды   жеңіп алды. Қазақ тілін сақтау — ата-баба аманатын сақтау деген сөз. Сондықтан әрбір азамат  қазақ тілін көзінің қарашығындай сақтап, өз тілін құрметтесе, ұлтымыздың болашағы жарқын болатыны сөзсіз.

Категория:

 

«Өлең, мен сені аялап өтемін» тақырыбында ашық сабақ

Автор: admin от 2-03-2022, 12:12, посмотрело: 156

0 Қанипа Омарғалиқызының республикалық  ғылыми-әдістемелік зертханасы  ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығымен  тығыз байланыста жұмыс жасап, зертхана алаңында биылғы оқу жылында қалалық, облыстық, республикалық деңгейде ұйымдастырылған вебинарларға бірлестік мүшелері де өз үлесін қосты.
   Қанипа  Омарғалиқызы Бітібаеваның жобалап оқыту технологиясы  бойынша  9 «А» сыныбының пән мұғалімі Б.Т.Елеусізова Фариза Оңғарсынованың «Өлең, мен сені аялап өтемін» тақырыбында алғашқы жоспарланған сабағы сәтті өтті. Оқушылардың  ынтасы, белсенділігі  артып,білім   сапасы  толыға түсті.Ізденімпаздыққа, дербес ойлауға, өзіндік қорытынды жасауға талпынды.Өзін-өзі оқыту,өз «Менін» табу, «Оқыту үшін оқу»  мәселелері   жүзеге  асты.

Категория:

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігінің салтанатты ашылуы

Автор: admin от 2-03-2022, 12:08, посмотрело: 135

0 Рухани жаңғыру тұрғысынан   оқушылардың жеке зерттеушілік құзыреттілігін ұлттық құндылықтармен қалыптастыру,Қанипа  Омарғалиқызы Бітібаеваның республикалық ғылыми-әдістемелік зертханасын іске асыру мақсатында мектебіміздің 2021-2022 оқу жылындағы іс-шара жоспарына сәйкес   01-18 наурыз аралығында "Týǵan tilim, órkende !Bola ber, kúshti, kórkem de! " атты тақырыпта қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің  онкүндігінің салтанатты ашылу жиыны өтті.   
Мектебіміздің оқушылары өнерлерін ортаға салып, күй шертіп, ақындардың жырларын мәнерлеп оқыды. Тіл туралы мақал-мәтелдер жатқа айтылды. 
   «Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиістіміз» деп Ахмет Байтұрсынов атамыз айтқандай, қазақ тілі - қазақ халқының рухани, мәдени байлығы, баға жетпес құнды қазынасы, асыл мұрасы екендігі айтылды.

Категория: