ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Автор: admin от 17-05-2022, 19:26, посмотрело: 199

0 Мамыр айының 13 күні Талдықорған қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен  білім беру мекемелеріндегі бастауыш сынып мұғалімдерінің қоғамдағы беделін арттыру, мұғалімдерді қолдау, педагогтардың арасында байланыс орнату мақсатында  дәстүрлі «Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2022» атты байқауы    өтті. Байқауға қатысушылар эссе жазу, таныстырылым, үздік сабақ үлгісі кезеңдері бойынша бақ сынады. 
  Мағжан Жұмабаевтай алаш зиялыларының есімімен аталған мектеп- гимназиямыздың  намысын бастауыш сынып мұғалімі Баяділ Ләззат Асқарқызы қорғап, І орын жеңімпазы атанды. Ләззат Асқарқызының балаларға деген шексіз мейірімі мен білімге құштарлығы, креативті қасиетімен, сахнада өзін ұстау шеберлігімен көзге түсті.
Мағжан Жұмабаевтың: «Алты алаштың  баласы бас қосқан жерде ең қадірлі орын - ұстаздікі» деген ұлағатты сөзін  әсте есте сақтап, мұғалім мәртебесін арттыра берейік. 














Категория:

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.