0
Мамыр айының 13 күні Талдықорған қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен білім беру мекемелеріндегі бастауыш сынып мұғалімдерінің қоғамдағы беделін арттыру, мұғалімдерді қолдау, педагогтардың арасында байланыс орнату мақсатында дәстүрлі «Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2022» атты байқауы өтті. Байқауға қатысушылар эссе жазу, таныстырылым, үздік сабақ үлгісі кезеңдері бойынша бақ сынады.
Мағжан Жұмабаевтай алаш зиялыларының есімімен аталған мектеп- гимназиямыздың намысын бастауыш сынып мұғалімі Баяділ Ләззат Асқарқызы қорғап, І орын жеңімпазы атанды. Ләззат Асқарқызының балаларға деген шексіз мейірімі мен білімге құштарлығы, креативті қасиетімен, сахнада өзін ұстау шеберлігімен көзге түсті.
Мағжан Жұмабаевтың: «Алты алаштың баласы бас қосқан жерде ең қадірлі орын - ұстаздікі» деген ұлағатты сөзін әсте есте сақтап, мұғалім мәртебесін арттыра берейік.