» » «Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді»

 
 
 

«Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді»

Автор: admin от 19-03-2024, 17:37, посмотрело: 23

0 «Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді» деген ұстаныммен бүгін, 19 наурыз- Жаңару күні аясында қасиетті, Мағжан ата мектебімізде тал егу игі іс-шаралары ұйымдастырылды.
 Атадан балаға мирас болып қалған бұл дәстүрді 11-сыныптың «Алтын белгі» мен Үздік аттестатқа үміткер оқушылары мен ата-аналары Ұлыстың ұлы күнінде кейінгі буынға өнеге көрсету мақсатында жаңа өмірге, жаңа мақсаттарға бағытталған игі жақсылықтың бастамасы екендігін  айқын көрсетті.
 Мектеп директоры Қарлығаш Келісқызы «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген мағынасы терең, алғыр сөзбен Әз Наурыздағы халықтың алты ай қыстан аман шығып, Жаңару күнінде көктемнің жаңа оянған тыныс-  тіршілігі - жақсылықтың, молшылық пен байлықтың белгісі екендігін айтып өтті.  Сән-салтанаты жарасқан осы күндер жыл бойы жалғасын тауып, мектеп бітіруші түлектердің алдағы ҰБТ-ден де жоғары көрсеткіштерге қол жеткізулеріне ізгі ниетін  білдірді. 
  Мектеп алаңына егілген жеміс ағаштары  пайдаға асып, құстар ұясын салып,өз жемістерін беріп, әрбір білім алушы көлеңкесін саялап, кәдесіне жаратса, нағыз маңызды істің жүзеге асқандығы. Тал егу игі шаралары ары қарай да жалғасын табатындығына хақ сенімдіміз.
 Әз Наурыз құтты болсын, Қазақ жұрты!
 Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Категория:

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.